БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ЖАҢАРТУ

Samsung болашақта Soundbar жүйесінің ішкі бағдарламалық құралдарына жаңартулар ұсынуы мүмкін.

5V 0.5A

Жаңарту ұсынылса, ішкі бағдарламалық құралдарды Soundbar жүйесіндегі USB портына ішкі бағдарламалық құрал жаңартуы сақталған USB құрылғысын жалғау арқылы жаңартуға болады.

Жаңарту файлдарын қалай жүктеп алу керектігі туралы ақпарат алу үшін, Samsung Electronics вебсайтына (samsung.com/sec) кіріңіз үлгі атын іздеңіз клиенттерге қолдау көрсету мәзірінен бағдарламаны жүктеп алыңыз. Опция аты әртүрлі болуы мүмкін.

ҚАБЫРҒА КРОНШТЕЙНІН ОРНАТУ

Орнатудың сақтық шаралары

Тек тік қабырғаға орнатыңыз.

Температурасы жоғары және/немесе ылғалдылық деңгейі жоғары аймақтарда Soundbar жүйесін орнатпаңыз. Жүйені Soundbar негізгі құрылғысының салмағын көтере алатын тұрақты қабырғаға орнатыңыз.

Егер қабырға құрылғыны ұстап тұру үшін жеткілікті күшті болмаса. Soundbar негізгі құрылғысының салмағын көтере алмайтын қабырғаға Soundbar жүйесін орнату үшін, алдымен қабырғаны қатайтыңыз. Олай істеу мүмкін болмаса, жүйені Soundbar негізгі құрылғысының салмағын көтере алатын басқа қабырғаға орнатыңыз.

Сіздегі қабырғаның түріне (гипсокартон, темір тақта, ағаш, т.б.) жарайтын бекіту бұрандаларын немесе анкер болттарын сатып алып, пайдаланыңыз.

Мүмкін болса, бұрандаларды қабырға шегелеріне бекітіңіз.

Қабырғаға орнату бұрандаларын Soundbar жүйесі орнатылатын қабырғаның түрі мен қалыңдығына сай сатып алыңыз.

￿Диаметрі: M5

￿Ұзындығы: L 35 мм немесе одан үлкенірегі ұсынылады

Құрылғыны қабырғаға орнатпас бұрын оның кабельдерін сыртқы құрылғыға жалғаңыз.

Орнатпас бұрын құрылғының сөніп және ажыратылып тұрғанын тексеріңіз. Әйтпесе, ток соғуы мүмкін.

· 9 · Қазақша