САБВУФЕРДІ SOUNDBAR НЕГІЗГІ ҚҰРЫЛҒЫСЫНА ЖАЛҒАУ

Сабвуферді Soundbar негізгі құрылғысына жалғау арқылы төменгі жиіліктегі әрі сапалы дауыстан ләззат алыңыз.

Soundbar негізгі құрылғысы

Сабвуфер

Soundbar негізгі құрылғысы мен сабвуфер қосылған кезде Soundbar негізгі құрылғысы мен сабвуфер автоматты түрде байланысуы (сымсыз жалғануы) керек. Автоматты байланыс аяқталған кезде, сабвуфердің алдыңғы жағындағы көк индикатор жыпылықтауын тоқтатып, үздіксіз көк түсте жанады.

cЕгер сабвуфердің алдындағы индикатор қызыл болса немесе көк түсте жыпылықтаса, демек сабвуфер автоматты түрде жалғанбаған. Ондай жағдайда сабвуферді қолмен жалғау үшін мына нұсқауларды орындаңыз.

cМаңызды: Бастамас бұрын, батареяны қашықтан басқару құрылғысына салыңыз. Нұсқаулықтарды 11-беттен қараңыз.

1.Soundbar негізгі құрылғы мен сабвуфердің қуат сымдарын АТ қабырға розеткасына салыңыз.

2.Сабвуфердің артындағы ID SET түймесін 5 секунд бойы басы тұрыңыз. Сабвуфердің алдындағы қызыл индикатор өшіп, көк түс жылдам жыпылықтайды.

3.Soundbar негізгі құрылғысы ӨШІП тұрғанда қашықтықтан басқару пультіндегі түймесін 5 секунд басып тұрыңыз.

4.Soundbar негізгі құрылғысының дисплейінде қысқа уақыт аралығында ID SET хабары пайда болады, содан кейін қайта жоғалады.

ID SET

· 4 · Қазақша