СИПАТТАМАЛАРЫ

АРТҚЫ / ТӨМЕНГІ ПАНЕЛЬ

AUX IN

Сыртқы құрылғының аналогтық шығыс ұясына жалғанады.

OPTICAL IN (D.IN)

Сыртқы құрылғының сандық (оптикалық) шығысына қосады.

HDMI IN

HDMI кабелінің көмегімен сандық бейне мен дыбыс сигналдарын бір уақытта қабылдайды. Қолдау көрсетілетін сыртқы құрылғыны жалғаған кезінде пайдаланыңыз.

HDMI OUT (TV-ARC)

HDMI кабелінің көмегімен сандық бейне және дыбыс сигналдарын бір уақытта шығарады.

KAZ

ЖАПСЫРМА

LAN SERVICE

DC14V

Wi-Fi SETUP SPK ADD

DC 14V

(Қуаттың Кіріс Көзі)

Тұрақты ток адаптерін қуат көзі ұясына жалғап, айнымалы ток адаптерінің штепсельдік ұшын розеткаға қосыңыз.

Wi-Fi SETUP

Soundbar құрылғысын желіге Wi-Fi желісін орнату арқылы қосу үшін осы түймені басыңыз. (Смарт құрылғы мен Samsung Multiroom бағдарламасын талап етеді. 23-бетті қараңыз.)

SPK ADD

Soundbar құрылғысын Samsung HUB (бөлек сатып алуға болады) немесе желіге қосу үшін, түймені басыңыз. (Смарт құрылғы мен Samsung Multiroom бағдарламасын талап етеді. 23-бетті қараңыз.)

SERVICE

Өнім бағдарламалық жасақтамасын USB порты арқылы жаңарту.

LAN

Желіге жергілікті желі кабелі арқылы қосылуға мүмкіндік береді.

Айнымалы ток адаптерінің қуат кабелін розеткадан суырып алған кезде штепсельдік ұшты ұстап тұрыңыз. Кабельден тартпаңыз.

Бөлшектер арасындағы байланыс толығымен орнағанша, құрылғыны немесе оның бөлшектерін ауыспалы ток розеткасына жалғамаңыз.

АТ/ТТ адаптерінің үстел не еденге тегіс қойылғанына көз жеткізіңіз. Егер АТ/ТТ адаптерін АТ сымының кірісі жоғары қаратылып ілінгендей етіп қойсаңыз, адаптер ішіне су не басқа да бөгде заттар еніп, адаптердің ақаулығын тудыруы мүмкін.

7