ФУНКЦИЯЛАР

MULTIROOM БАҒДАРЛАМАСЫН ПАЙДАЛАНУ

Samsung Multiroom бағдарламасы Soundbar құрылғысын смарт құрылғыға, желіңізге және интернетке қосуға мүмкіндік береді. Soundbar құрылғысы Multiroom бағдарламасы орнатылған смарт құрылғыға қосылғаннан кейін, Soundbar құрылғысы мен бірнеше Samsung Multiroom құрылғыларын бірге сымсыз қосып, осылар арқылы аудионы ойната аласыз.

БАСТАМАС БҰРЫН

++Байланыс негіздері

KAZ

Смарт құрылғы: Android немесе iOS (қолданбаны басқару)
Интернет
Сымсыз маршрутизатор
Талаптар:

1.Сымсыз роутер және смарт құрылғы.

2.Сымсыз маршрутизатор Интернетке қосулы болуы қажет.

3.Смарт құрылғы маршрутизаторға Wi-Fi қосылымы арқылы қосулы болуы қажет.

SAMSUNG MULTIROOM ҚОЛДАНБАСЫН ОРНАТУ

Soundbar құрылғысын Samsung Multiroom бағдарламасымен пайдалану үшін, Samsung Multiroom бағдарламасын смарт құрылғыңызға жүктеп алып, орнатуыңыз қажет. Бағдарламаны Google Play немесе App Store дүкенінен жүктеп алуыңызға болады. Samsung Multiroom бағдарламасын орнатып, смарт құрылғыңызда сақталған, басқа қосылған құрылғыларда орналасқан, басқа контент провайдерлері тарапынан ұсынылған немесе интернеттегі радио станциялардан ағынмен тасымалданған музыканы Soundbar құрылғысында ойната аласыз

++Android немесе iOS

Samsung Multiroom қолданбасын смартфон арқылы Google Play немесе App Store дүкенінен жүктеп алыңыз.

*Дүкен іздеу : Samsung Multiroom

Немесе

23