ЖҰМЫСТЫ БАСТАУ
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
| 68.6mm |
99.1mm |
|
99.1mm | 99.1mm |
Үйіңіздегі айнымалы ток көзі өнімнің төменгі жағында орналасқан идентификациялық жапсырмада көрсетілгенге сай екенін тексеріңіз. Өнімді ыңғайлы жерге (жиһаз), айналасында желдетуге жеткілікті бос орын
Найзағай кезінде айнымалы ток ашасын қабырғадағы розеткадан ажыратыңыз. Найзағайдан кернеудің барынша күрт жоғарылауы құрылғыны зақымдауы мүмкін.
Өнімді ылғалдан (мысалы, вазалар), шамадан тыс жылудан (мысалы, пеш) және күшті магниттік немесе электр өрістерін тудыратын жабдықтардан қорғаңыз. Құрылғы жұмысында ақаулық пайда болса, қуат кабелін қабырғадағы айнымалы ток розеткасынан ажыратыңыз. Өнім өндірістік мақсатта пайдалануға арналмаған. Ол тек жеке мақсатқа пайдалануға арналған. Өнім суық температуралы жерлерде сақталған болса, конденсация пайда болуы мүмкін.Егер құрылғыны қыста тасымалдаса, пайдалану алдында құрылғы бөлме температурасына жеткенше шамамен 2 сағат күтіңіз.
Құрылғыны тікелей күн сәулесі түсетін немесе басқа ыстық көздер бар жерде қалдырмаңыз. Құрылғы шамадан тыс қызуы және дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Осы өнімде пайдаланылған батареяда қоршаған ортаға зиянды химиялық заттар бар. Батареяны қалыпты тұрмыстық қоқыстармен бірге тастамаңыз. Батареяны шамадан тыс жылудан, тікелей күн сәулесінен немесе оттан қорғаңыз. Батареяны қысқа тұйықтамаңыз, бөлшектемеңіз немесе артық қыздырмаңыз. Батарея дұрыс ауыстырылмаса, жарылыс шығу қаупі бар. Тек дәл сондай немесе баламалы түріне ауыстырыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ! БАТАРЕЯНЫ ЖҰТПАҢЫЗ. ХИМИЯЛЫҚ КҮЮ ҚАУПІ БАР. Осы өніммен берілген қашықтан басқару құралында тиын/түйме түріндегі батарея бар. Тиын/түйме түріндегі батареяны жұтып қойса, 2 сағат ішінде адамның ішкі органдары қатты күйіп, өлімге әкелуі мүмкін. Жаңа және пайдаланылған батареяларды балалардан алыс ұстаңыз. Батарея бөлімі дұрыс жабылмаса,
қашықтан басқару құралын пайдалануды тоқтатып, оны балалардан алыс жерде сақтаңыз. Батареяны жұтып қойғанына немесе дененің қандай да бір бөлігіне түскеніне күдіктенсеңіз, дереу дәрігерге көрініңіз.
4