ФУНКЦИЯЛАР

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ЖАҢАРТУ

USB (5V 0.5A)

Samsung болашақта Soundbar жүйесінің ішкі бағдарламалық құралдарына жаңартулар ұсынуы мүмкін. Жаңарту ұсынылса, ішкі бағдарламалық құралдарды Soundbar жүйесіндегі USB портына ішкі бағдарламалық құрал жаңартуы сақталған USB құрылғысын жалғау арқылы жаңартуға болады.

Бірнеше жаңарту файлы бар болса, оларды USB құрылғысына бір-бірлеп жүктеп, ішкі бағдарламалық құралдарды жаңарту үшін бір уақытта бір файлдан пайдалану керек екенін ескеріңіз.

Жаңарту файлдарын жүктеп алу туралы ақпарат алу үшін samsung.com веб-сайтына кіріңіз немесе Samsung байланыс орталығына хабарласыңыз.

Бұл өнімде «DUAL BOOT» функциясы бар. Егер ішкі бағдарламалық құралдың жаңартылуы сәтсіз орындалса, оны қайта жаңартуға болады.

Ішкі бағдарламалық құрал жаңартуы бар USB құрылғысын негізгі құрылғыдағы USB портына салыңыз. ●USB сақтау құрылғысында Soundbar қолдайтын дыбыс файлдары сақтаулы болса, ішкі бағдарламалық

құралдар дұрыс жаңартылмауы мүмкін.

Жаңартулар қолданылып жатқанда қуатты ажыратпаңыз немесе USB құрылғысын шығарып алмаңыз. Ішкі бағдарламалық құралды жаңарту аяқталғаннан кейін негізгі құрылғы автоматты түрде өшеді.

Жаңартудан кейін барлық параметрлер өздерінің әдепкі зауыттық параметрлеріне қалпына келтіріледі. Жаңартудан кейін оңай қалпына келтіру үшін параметрлерді жазып алуды ұсынамыз. Ішкі бағдарламалық құралдар жаңартылғанда сабвуфер байланысы да бастапқы қалпына келетінін ескеріңіз.

Жаңартудан кейін сабвуфер байланысы автоматты түрде қайта орнатылмаса, <17>-бетті қараңыз. Ішкі бағдарламалық құрал жаңартылмаса, USB құрылғысын FAT16 түрінде пішімдеп, әрекетті қайталаған жөн.

Бағдарламалық құралды жаңарту аяқталғаннан кейін, өнімді өшіріп, қашықтан басқару құралындағы ( p) түймені 5 секундтан артық басып тұрыңыз. Дисплейде «INIT» хабары пайда болып, құрылғы өшеді. Жаңартып жетілдіру аяқталады.

USB құрылғысын NTFS пішімінде пішімдемеңіз. Soundbar жүйесі NTFS файл жүйесіне қолдау көрсетпейді.

Өндірушіге байланысты кейбір USB құрылғыларына қолдау көрсетілмеуі мүмкін.

30

Page 96
Image 96
Samsung HW-K360/RU manual Бағдарламалық Құралды Жаңарту, Құралдар дұрыс жаңартылмауы мүмкін