ҚОСЫЛЫМДАР

TV SOUNDCONNECT

Теледидар дыбысын TV SoundConnect функциясын қолдайтын Samsung теледидарына жалғанған Soundbar арқылы естуге болады.

Қосу

1.Теледидарды және Soundbar құрылғысын қосыңыз.

2. TV (ТВ) режимін таңдау үшін негізгі құрылғыдағы

түймесін немесе қашықтан басқару құралындағы

SOURCE (РЕСУРС КӨЗІ) түймесін басыңыз.

 

3.Теледидарда TV SoundConnect функциясын қосу керектігін не керек еместігін сұрайтын хабар пайда болады.

4.Теледидар мен Soundbar құрылғысын қосуды аяқтау үшін теледидардың қашықтан басқару құралы арқылы <Yes> (<Иә>) тармағын таңдаңыз.

Soundbar құрылғысының режимін теледидардан басқа режимге ауыстырсаңыз, TV SoundConnect құрылғысының жұмысы автоматты түрде тоқтайды.

SoundStand құрылғысын басқа теледидарға қосу үшін бұрыннан бар қосылымды ажырату керек.

Бұрыннан бар қосылымды тоқтату үшін қашықтан басқару құралындағы pтүймесін 5 секунд бойы басып тұрыңыз немесе басқа режимге ауыстырыңыз. Басқа теледидарға қосу үшін алдыңғы беттегі 1-ден 4-ке дейінгі қадамдарды орындаңыз.

TV SoundConnect (SoundShare) функциясын тек 2012 жылдан кейін шығарылған кейбір Samsung теледидарлары қолдайды. Бастамас бұрын теледидардың TV SoundConnect (SoundShare) функциясын қолдайтынын тексеріңіз. (Қосымша ақпарат алу үшін теледидардың пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.)

Егер Samsung теледидары 2014 жылға дейін шығарылған болса, «SoundShare параметрі» мәзірін тексеріңіз.

Теледидар мен SoundStand құрылғысының арасындағы қашықтық 5 метрден асса, қосылым тұрақсыз болуы немесе дыбысы тоқтап-тоқтап ойнауы мүмкін. Осындай жағдай орын алса, теледидарды немесе Soundbar құрылғысын жұмыс ауқымында болатындай етіп қайта орнатыңыз, одан кейін TV SoundConnect қосылымын қайта орнатыңыз.

TV SoundConnect жұмыс ауқымдары:

--Ұсынылатын жұптасу ауқымы 2 метр аралығында. --Ұсынылатын жұмыс ауқымы 5 метр аралығында.

Soundbar жүйесіндегі немесе Soundbar жүйесінің қашықтан басқару құралындағы Play/Pause (Ойнату/ Кідірту), Next (Келесі) және Prev (Алдыңғы) түймелері теледидарды басқармайды.

KAZ

21