CONNECTIONS

ҚОСЫЛЫМДАР

Компоненттер арасындағы барлық қосылымдар аяқталмай тұрып, осы өнімнің немесе теледидардың қуат сымын розеткаға қоспаңыз.

Осы өнімді жылжытпас немесе орнатпас бұрын, қуаттың және қуат сымының ажыратылғанын тексеріңіз.

САБВУФЕРДІ ҚОСУ

САБВУФЕРГЕ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ҚОСУ

Сабвуфердің байланыс идентификаторы (ID) зауытта алдын ала орнатылады, сондықтан негізгі құрылғы мен сабвуферді қосқан кезде олар автоматты түрде (сымсыз қосу) байланысуы керек.

• Сабвуфер толық қосылғанда сабвуфердегі көк ЖШД байланыс индикаторы жыпылықтауын тоқтатып, үздіксіз жанады.

САБВУФЕРГЕ ҚОЛМЕН ҚОСУ

Негізгі құрылғы мен сабвуфер қосылғанда көк ЖШД шамы жыпылықтауын тоқтатпаса, төмендегі қадамдарды орындап, идентификаторды орнатыңыз.

Маңызды! Бастамас бұрын батареяны қашықтан басқару құралына салыңыз. Нұсқауларды 10-беттен қараңыз.

1. Негізгі құрылғының және сабвуфердің қуат сымдарын айнымалы ток розеткасына қосыңыз.

2. Сабвуфердің артындағы ID SET (Идентификатор орнату) түймесін шағын, үшкір затпен 5 секунд басыңыз.

• «КҮТУ» индикаторы өшеді және «БАЙЛАНЫС» индикаторы (көк ЖШД) жылдам жыпылықтайды.

3. Негізгі құрылғы өшіп тұрған кезде («КҮТУ» режимінде тұрғанда) қашықтан басқару құралындағы (Дыбысты өшіру) түймесін 5 секунд басып тұрыңыз.

4. ID SET (Идентификаторды орнату) хабары Soundbar құрылғысының дисплейінде пайда болады.

5. Байланысты аяқтау үшін сабвуфердің көк ЖШД шамы жыпылықтап тұрғанда негізгі құрылғының қуатын қосыңыз.

• Енді негізгі құрылғы мен сабвуфер байланысуы (қосылуы) тиіс.

• Сабвуфердегі «БАЙЛАНЫС» индикаторы (көк ЖШД) үздіксіз жанып, жыпылықтамауы тиіс.

• «БАЙЛАНЫС» индикаторы үздіксіз көк түспен жанбаса, байланыстыру процесі сәтсіз аяқталды. Негізгі құрылғыны өшіріп, 2-қадамнан қайта бастаңыз.

• «Дыбыс әсері» параметрін таңдау арқылы сымсыз сабвуферден дыбысты жақсырақ естуге болады. (9-бетті қараңыз)

17

KAZ

Page 50
Image 50
Samsung HW-K450/RU manual Сабвуферді Қосу, Сабвуферге Автоматты Түрде Қосу, Сабвуферге Қолмен Қосу