ҚОСЫЛЫМДАР

Soundbar құрылғысының режимін теледидардан басқа режимге ауыстырсаңыз, TV SoundConnect құрылғысының жұмысы автоматты түрде тоқтайды.

SoundStand құрылғысын басқа теледидарға қосу үшін бұрыннан бар қосылымды ажырату керек. ●Бұрыннан бар қосылымды тоқтату үшін қашықтан басқару құралындағы pтүймесін 5 секунд

бойы басып тұрыңыз немесе басқа режимге ауыстырыңыз. Басқа теледидарға қосу үшін алдыңғы беттегі 1-ден 4-ке дейінгі қадамдарды орындаңыз.

TV SoundConnect (SoundShare) функциясын тек 2012 жылдан кейін шығарылған кейбір Samsung теледидарлары қолдайды. Бастамас бұрын теледидардың TV SoundConnect (SoundShare) функциясын қолдайтынын тексеріңіз. (Қосымша ақпарат алу үшін теледидардың пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.)

Егер Samsung теледидары 2014 жылға дейін шығарылған болса, «SoundShare параметрі» мәзірін тексеріңіз.

Теледидар мен SoundStand құрылғысының арасындағы қашықтық 5 метрден асса, қосылым тұрақсыз болуы немесе дыбысы тоқтап-тоқтап ойнауы мүмкін. Осындай жағдай орын алса, теледидарды немесе Soundbar құрылғысын жұмыс ауқымында болатындай етіп қайта орнатыңыз, одан кейін TV SoundConnect қосылымын қайта орнатыңыз.

TV SoundConnect жұмыс ауқымдары:

--Ұсынылатын жұптасу ауқымы 2 метр аралығында. --Ұсынылатын жұмыс ауқымы 5 метр аралығында.

Soundbar жүйесіндегі немесе Soundbar жүйесінің қашықтан басқару құралындағы Play/Pause (Ойнату/Кідірту), Next (Келесі) және Prev (Алдыңғы) түймелері теледидарды басқармайды.

++Bluetooth POWER On (Bluetooth ҚУАТЫН қосу) функциясын пайдалану

Bluetooth POWER On (Bluetooth ҚУАТЫН қосу) функциясын Soundbar жүйесін Bluetooth функциясымен үйлесімді теледидарға TV SoundConnect арқылы жалғағаннан кейін қолдануға болады. Bluetooth POWER On (Bluetooth ҚУАТЫН қосу) функциясы «ҚОСУ» күйінде болғанда, жалғанған теледидар қосылса немесе өшірілсе, Soundbar құрылғысы да қосылып, өшеді.

1.Теледидарды Soundbar жүйесіне TV SoundConnect функциясы арқылы жалғаңыз.

2.Soundbar құрылғысының қашықтан басқару құралындағы Bluetooth POWER (Bluetooth ҚУАТЫ) түймесін басыңыз. Soundbar құрылғысының дисплейінде ON - BLUETOOTH POWER (ҚОСУ – BLUETOOTH ҚУАТЫ) хабары пайда болады.

ON - BLUETOOTH POWER : теледидарды қосқанда немесе өшіргенде Soundbar құрылғысы қосылады және өшеді.

OFF - BLUETOOTH POWER : теледидарды өшіргенде ғана Soundbar құрылғысы өшеді.

Бұл функция тек 2013 жылдан бастап шығарылған кейбір Samsung теледидарларында қолданылады.

22

Page 55
Image 55
Samsung HW-K450/RU manual Қосылымдар