ҚОСЫЛЫМДАР

Өнімді жылжытпас немесе орнатпас бұрын, қуаттың және қуат сымының ажыратылғанын тексеріңіз.

Егер Soundbar жүйесінің жанында Soundbar жүйесімен бірдей жиілікті (2,4 ГГц) пайдаланатын құрылғы қолдансаңыз, кедергі себебінен дыбыс біраз жоғалуы мүмкін.

Негізгі құрылғы мен сабвуфердің арасындағы сымсыз сигналдар жіберілетін ең ұзақ қашықтық – шамамен 5 метр, бірақ жұмыс істеу ортасына байланысты басқаша болуы мүмкін. Егер негізгі құрылғы мен сымсыз сабвуфердің арасында темір бетон немесе металл қабырға болса, сымсыз сигналдар темірден өте алмайтын болғандықтан, жүйе мүлде жұмыс істемеуі мүмкін.

Егер негізгі құрылғы сымсыз қосылымды жасай алмаса, негізгі құрылғы мен сымсыз сабвуфер арасында қосылымды қайта орнату үшін алдыңғы беттегі 1-6 аралығындағы қадамдарды қайталаңыз.

Сымсыз сигналдар қабылдайтын антенна сабвуфердің ішіне орнатылған. Құрылғыны судан және ылғалдан аулақ ұстаңыз.

Оңтайлы тыңдау мүмкіндігін пайдалану үшін, сымсыз сабвуфердің айналасында қандай да бір бөгеттің болмауын тексеріңіз.

Samsung сымсыз артқы динамиктер жинағын (SWA-8000S) Soundbar құрылғысына қосу арқылы шынайы сымсыз көлемді дыбысқа қол жеткізіңіз. (Бөлек сатылады)

САБВУФЕРДІ ЖӘНЕ SWA-8000S

ҚҰРЫЛҒЫСЫН (БӨЛЕК САТЫЛАДЫ) ҚОСУ

САБВУФЕРДІ ЖӘНЕ SWA-8000S ҚҰРЫЛҒЫСЫН ҚОЛМЕН ҚОСУ

Негізгі құрылғы, сабвуфер және SWA-8000S құрылғысы қосылғанда көк жарық диодты шамдар жыпылықтауын тоқтатпаса, төмендегі процедураны орындау арқылы байланыстыру идентификаторын қалпына келтіріңіз.

L R

SURROUND SPEAKERS OUT

SPEAKER IMPED

ID SET

1.Негізгі құрылғының, сабвуфердің және SWA-8000S құрылғысының қуат сымдарын айнымалы ток розеткасына қосыңыз.

2.Сабвуфердің және SWA-8000S құрылғысының артқы жағында орналасқан ID SET (Идентификаторды орнату) түймесін шағын үшкір затпен 5 секунд басыңыз.

Сабвуфер мен SWA-8000S құрылғысының «БАЙЛАНЫС» индикаторлары (көк ЖШД шамдары) жылдам жыпылықтайды.

18

Page 51
Image 51
Samsung HW-K450/RU manual Сабвуферді Және SWA-8000S Құрылғысын Қолмен Қосу, Қосылымдар