BLUETOOTH АРҚЫЛЫ ҚОСЫЛУ

Bluetooth құрылғысын Soundbar құрылғысына қосып, музыканы стерео дыбыспен сымсыз түрде тындай аласыз!

cБірнеше Bluetooth құрылысымен бір уақытта жалғау мүмкін емес.

Қосу

Bluetooth құрылғыларына

1.BT режимін таңдау үшін Soundbar құрылғысының оң жағындағытүймесін немесе қашықтан басқару құрылғысының SOURCE түймесін басыңыз.

2.Қосылу қажет Bluetooth құрылғысында Bluetooth мәзірін таңдаңыз. (Bluetooth құрылғысының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз)

3.Тізімнен "[AV] Samsung Soundbar Kxxx" тармағын таңдаңыз.

Soundbar құрылғысы мен Bluetooth құрылғысының арасында байланыс орнатылғанда, Soundbar құрылғысының алдыңғы дисплей терезесінде [Bluetooth құрылғы атауы] → BT жазуы пайда болады.

4.Қосылған құрылғыда музыканы ойнатпаңыз.

[Bluetooth құрылғысына қосылу мүмкін болмаса / Егер құрылғыны қайта іздеу керек болса].

Егер Bluetooth құрылғысындағы іздеу нәтижелерінде "[AV] Samsung Soundbar Kxxx" табылатын болса, оны жойыңыз.

BT PAIRING режиміне ауысу үшін Soundbar құрылғысының оң жағындағытүймесін немесе қашықтан басқару пультіндегі SOURCE түймесін басып, содан кейін Bluetooth құрылғысында қолжетімді құрылғылардың көрсетілген тізімінен "[AV] Samsung Soundbar Kxxx" құрылғысын таңдаңыз. (Жоғарыдағы 2-ші және 3-ші қадамдарды қараңыз).

cBluetooth құрылғысына қосылу кезінде PIN кодын енгізу сұралса, <0000> санын енгізіңіз.

cBluetooth байланысы режимінде Soundbar пен Bluetooth құрылғысының арасындағы қашықтық 10 м артса, Bluetooth байланысы жоғалады.

cДайын күйінде 5 минут тұрғаннан кейін Soundbar құралы автоматты түрде өшеді.

cКелесі жағдайларда Soundbar жүйесі Bluetooth құрылғысының іздеуін не қосылуын дұрыс орындамауы мүмкін:

Soundbar құралының айналасында қатты электрикалық өріс болса.

Бірнеше Bluetooth құрылғысы Soundbar құралымен бір уақытта жұпталса.

Bluetooth құрылғысы кенеттен өшсе немесе дұрыс жұмыс істемесе.

cЭлектрондық құрылғылар радиокедергілердің пайда болуына себеп болады. Микротолқынды пеш, сымсыз LAN құрылғылары және басқа да электромагниттік толқын шығаратын құрылғыларды Soundbar негізгі құрылғысынан алшақ ұстаңыз.

Bluetooth құрылғысынан Soundbar құрылғысын ажырату

BT режимінен басқа режимге ауысу үшін немесе Soundbar құрылғысын өшіру үшін, қашықтан басқару

құрылғысындағы SOURCE түймесін немесе өнімнің оң жағындағытүймесін басыңыз.

Қосылған Bluetooth құрылғысы қосылымды тоқтатпастан бұрын Soundbar құралынан жауапты белгілі бір уақыт күтеді. (Bluetooth құрылғысына байланысты ажырату уақыты әртүрлі болуы мүмкін)

· 11 · Қазақша

Page 58
Image 58
Samsung HW-K950/RU manual Bluetooth Арқылы Қосылу, Bluetooth құрылғысынан Soundbar құрылғысын ажырату, · 11 · Қазақша