Егер құрылғыны қосу сәтсіз аяқталса

••Алдында қосылған Soundbar тізімінде (мыс. “[AV] Samsung Soundbar MSxxxx”) атауы пайда болса, оны жойыңыз.

••BT” режимінде, Soundbar құрылғысының оң бүйірлік панеліндегі немесе қашықтан басқару

пультіндегі (Бастапқы көз) түймесін “BT PAIRING” режиміне ауысу үшін 5 секунд басып тұрыңыз. ТД іздеу тізімінен “[AV] Samsung Soundbar MSxxxx” таңдаңыз.

BT READY және BT PAIRING күйлері нені білдіреді?

••BT READY : Бұл режимде алдында қосылған теледидарларды іздеуге болады немесе алдында қосылған мобильді құрылғыдан Soundbar құрылғысына қосылуға болады.

••BT PAIRING : Бұл режимде жаңа құрылғыға қосылуға болады. (“BT” режимінде болғанда Soundbar құрылғысының оң бүйірлік панеліндегі немесе қашықтан басқару пультіндегі (Бастапқы көз) түймесін 5 секунд басып тұрыңыз.)

ЕСКЕРТПЕЛЕР

••Bluetooth құрылғысын қосып жатқанда PIN код сұраса, <0000> мәнін енгізіңіз.

••Bluetooth байланысы режимінде, егер Soundbar мен Bluetooth құрылғысы арасындағы қашықтық 10 м асса, Bluetooth байланысы жоғалады.

••Дайын күйде болғанда 5 минут өтсе, Soundbar автоматты түрде өшеді.

••Мына жағдайларда Soundbar құрылғысы Bluetooth құрылғысын іздемеуі мүмкін немесе оған дұрыс қосылмауы мүмкін:

–– Soundbar құрылғысының айналасында күшті электр өрісі болса.

–– Бірнеше Bluetooth құрылғысы Soundbar құрылғысына бір уақытта жұптастырылса.

–– Егер Bluetooth құрылғысы өшірулі болса, өз орнында болмаса және дұрыс жұмыс істемесе.

••Электрондық құрылғылар радиокедергілердің пайда болуына себеп болуы мүмкін. Микротолқынды пеш, сымсыз LAN құрылғылары және басқа да электромагниттік толқын шығаратын құрылғыларды Soundbar негізгі құрылғысынан алшақ ұстаңыз.

Soundbar құрылғысын теледидардан ажырату

Оң бүйірлік панельдегі немесе қашықтан басқару пультіндегі (Бастапқы көз) түймесін басыңыз, одан кейін “BT” режимінен басқа кез келген режимге ауыстырыңыз.

••Ажырау процесі біраз уақыт алады, себебі теледидар Soundbar құрылғысынан жауап алуы керек. (Қажетті уақыт теледидар үлгісіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін.)

••Soundbar құрылғысы мен теледидар арасындағы автоматты Bluetooth байланысынан бас тарту үшін, қашықтан басқару құрылғысындағы p(Ойнату/уақытша тоқтату) түймесін “BT READY” күйінде 5 секунд бойы басып тұрыңыз. (Қосу → Өшіру арасында ауыстырыңыз)

KAZ - 10

Page 88
Image 88
Samsung HW-MS6500/RU, HW-MS6501/RU Егер құрылғыны қосу сәтсіз аяқталса, BT Ready және BT Pairing күйлері нені білдіреді?