2-әдіс. Сымсыз қосу

Теледидарды Bluetooth құрылғысы арқылы қосу

Теледидар Bluetooth құрылғысы арқылы қосылғанда, кабельдерді жалғамай-ақ, стерео дыбысты естуге болады.

•• Бір уақытта тек бір ғана теледидарға қосуға болады.

Бастапқы байланыс

1.Оң бүйірлік панельдегі немесе қашықтан басқару пультіндегі(Бастапқы көз) түймесін басыңыз, одан кейін “BT” таңдаңыз.

2.BT” режимін “BT PAIRING” режиміне өзгертіңіз.

•• “BT READY” хабары пайда болса, “BT PAIRING” көрсету үшін Soundbar құрылғысындағы бүйірлік панель немесе қашықтан басқару пультіндегі(Бастапқы көз) түймесін 5 секунд басып тұрыңыз.

•• “BT PAIRING” режимінде Soundbar құрылғысының оң жақ жиегіндегі көк жарық диоды жыпылықтайды.

3.Теледидардағы Bluetooth режимін таңдаңыз. (Қосымша ақпаратты ТД пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.)

4.ТД экранындағы тізімнен “[AV] Samsung Soundbar MSxxx” таңдаңыз.

Қолжетімді Soundbar құрылғысы ТД Bluetooth құрылғысының тізімінде “Need Pairing” немесе “Paired” жазуымен көрсетіледі.

Soundbar құрылғысына қосылу үшін хабар таңдап, байланыс орнатыңыз.

•• Теледидар қосылғанда, Soundbar құрылғысының алдыңғы дисплейінде [ТД атауы]” → “BT” хабары пайда болады.

5.Енді Soundbar құрылғысынан теледидар дауысын естуге болады.

Егер құрылғыны қосу сәтсіз аяқталса

•• Алдында қосылған Soundbar тізімінде (мыс. “[AV] Samsung Soundbar MSxxx”) атауы пайда болса, оны жойыңыз.

•• “BT” режимінде, Soundbar құрылғысының оң бүйірлік панеліндегі немесе қашықтан басқару пультіндегі(Бастапқы көз) түймесін “BT PAIRING” режиміне ауысу үшін 5 секунд басып тұрыңыз. ТД іздеу тізімінен “[AV] Samsung Soundbar MSxxx” таңдаңыз.

BT READY және BT PAIRING күйлері нені білдіреді?

•• BT READY : Бұл режимде алдында қосылған теледидарларды іздеуге болады немесе алдында қосылған мобильді құрылғыдан Soundbar құрылғысына қосылуға болады.

•• BT PAIRING : Бұл режимде жаңа құрылғыға қосылуға болады. (“BT” режимінде болғанда Soundbar құрылғысының оң бүйірлік панеліндегі немесе қашықтан басқару пультіндегі

(Бастапқы көз) түймесін 5 секунд басып тұрыңыз.)

KAZ - 9

Page 81
Image 81
Samsung HW-MS750/RU manual Әдіс. Сымсыз қосу, Теледидарды Bluetooth құрылғысы арқылы қосу, Бастапқы байланыс