BT READY және BT PAIRING күйлері нені білдіреді?

•• BT READY : Бұл режимде алдында қосылған теледидарларды іздеуге болады немесе алдында қосылған мобильді құрылғыдан Soundbar құрылғысына қосылуға болады.

•• BT PAIRING : Бұл режимде жаңа құрылғыға қосылуға болады. (“BT” режимінде болғанда Soundbar құрылғысының оң бүйірлік панеліндегі немесе қашықтан басқару пультіндегі

(Бастапқы көз) түймесін 5 секунд басып тұрыңыз.)

ЕСКЕРТПЕЛЕР

•• Bluetooth құрылғысын қосып жатқанда PIN код сұраса, <0000> мәнін енгізіңіз.

•• Bluetooth байланысы режимінде, егер Soundbar мен Bluetooth құрылғысы арасындағы қашықтық 10 м асса, Bluetooth байланысы жоғалады.

•• Дайын күйде болғанда 5 минут өтсе, Soundbar автоматты түрде өшеді.

•• Мына жағдайларда Soundbar құрылғысы Bluetooth құрылғысын іздемеуі мүмкін немесе оған дұрыс қосылмауы мүмкін:

––Soundbar құрылғысының айналасында күшті электр өрісі болса.

––Бірнеше Bluetooth құрылғысы Soundbar құрылғысына бір уақытта жұптастырылса.

––Егер Bluetooth құрылғысы өшірулі болса, өз орнында болмаса және дұрыс жұмыс

істемесе.

•• Электрондық құрылғылар радиокедергілердің пайда болуына себеп болуы мүмкін. Микротолқынды пеш, сымсыз LAN құрылғылары және басқа да электромагниттік толқын шығаратын құрылғыларды Soundbar негізгі құрылғысынан алшақ ұстаңыз.

Bluetooth құрылғысынан Soundbar құрылғысын ажырату

Оң бүйірлік панельдегі немесе қашықтан басқару пультіндегі (Бастапқы көз) түймесін басыңыз, одан кейін “BT” режимінен басқа кез келген режимге өзгертіңіз.

•• Ажырау процесі біраз уақыт алады, себебі Bluetooth құрылғысы Soundbar құрылғысынан жауап алуы керек. (Bluetooth құрылғысына байланысты ажырау уақыты әртүрлі болады)

•• Soundbar құрылғысы Bluetooth құрылғысынан ажырағанда, Soundbar алдыңғы дисплейінде “BT DISCONNECTED” хабары шығады.

KAZ - 16

Page 88
Image 88
Samsung HW-MS750/RU manual Bluetooth құрылғысынан Soundbar құрылғысын ажырату, Бастапқы көз түймесін 5 секунд басып тұрыңыз