Soundbar дыбыс деңгейін ТД қашықтан басқару пультімен реттеу

Samsung теледидарындағы ТД динамигін сыртқы динамиктерге орнату үшін, ТД мәзірін пайдаланыңыз. (Қосымша ақпарат алу үшін, ТД пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.)

•• Soundbar құрылғысын орнатқан соң, оның дыбыс деңгейін Samsung теледидарымен бірге берілетін инфрақызыл қашықтан басқару пультімен реттеуге болады. (Егер бұл функцияны пайдаланғыңыз келмесе, Soundbar құрылғысы қосулы болғанда Surround түймесін 5 секунд басыңыз. Soundbar дисплейінде OFF-TV REMOTE” хабары шығады да, функция өшеді.)

Дыбыс деңгейін тек Samsung TV теледидарының қашықтан басқару пультімен реттеу үшін, Surround түймесін 5 секундтан ұзақ басып тұрыңыз, Soundbar дисплейінде SAMSUNG-TV REMOTE” хабары шығады.

––Әр уақытта Surround түймесін 5 секунд басу режимді мына ретпен ауыстырады:

SAMSUNG-TV REMOTE” (әдепкі режим) → OFF-TV REMOTE” → ALL-TV REMOTE”.

•• Үшінші тарап өндірушісімен жасалған, теледидармен бірге берілетін қашықтан басқару пультімен Soundbar дыбыс деңгейін реттеу үшін, Surround түймесін 5 секунд басыңыз (Soundbar дисплейінде OFF-TV REMOTE” пайда болады), Surround түймесін жіберіңіз, содан кейін Surround түймесін 5 секундтан ұзақ қайта басыңыз. (Soundbar дисплейінде ALL-TV REMOTE” пайда болады.)

––Қашықтан басқару пультіне байланысты бұл функция қолжетімді болмауы мүмкін.

––Бұл мүмкіндікті қолдайтын өндірушілер туралы ақпарат алу үшін, Samsung компаниясының веб-сайтындағы (www.samsung.com/support) Soundbar құрылғысының ТОЛЫҚ НҰСҚАУЛЫҚТЫ қараңыз.

––Бұл дыбыс деңгейін басқару функциясы тек инфрақызыл ТД қашықтан басқару пульттерімен жұмыс істейді. Bluetooth ТД қашықтан басқару пульттерімен (жұптастыруды қажет ететіндер) жұмыс істемейді.

08Бағдарламалық Жасақтаманы Орнату

Soundbar құрылғысы интернетке қосылған кезде, бағдарламалық жасақтама Soundbar құрылғысының өшірулі күйінде де автоматты түрде жаңартылады.

•• Автоматты жаңарту функциясын пайдалану үшін, Soundbar құрылғысын интернетке қосу қажет. Soundbar құрылғысының қуат сымы ажыратылса немесе қуат көзі өшсе, Soundbar құрылғысының Wi-Fi желісі үзіледі.

Қуат көзі өшсе, Soundbar құрылғысын қосып, оны қайта жалғаңыз.

KAZ - 22