••Soundbar негізгі құрылғысының дисплей терезесінде “TV ARC” жазуы пайда болмаса, HDMI кабелінің (жеткізілім жинағымен берілмейді) дұрыс портқа жалғанғандығын тексеріңіз.

••Soundbar құрылғысындағы дыбыс деңгейін өзгерту үшін теледидардың қашықтан басқару пультіндегі дыбыс деңгейінің түймелерін пайдаланыңыз.

ЕСКЕРТПЕЛЕР

••HDMI – бір ғана коннекторы бар бейне және аудио деректерінің сандық берілісін іске қосатын интерфейс.

••Теледидарда ARC порты болса, HDMI кабелін HDMI IN (ARC) портына жалғаңыз.

••Мүмкіндігінше біліксіз HDMI кабелін пайдаланған жөн. Білігі бар HDMI кабелін пайдалансаңыз, диаметрі 14 мм-ден аспайтын кабельді пайдаланыңыз.

••Anynet+ қосылуы тиіс.

••HDMI кабелі ARC портына қолдау көрсетпесе, бұл функция қолжетімді болмайды.

2-әдіс. Сымсыз қосу

Теледидарды Bluetooth құрылғысы арқылы қосу

Теледидар Bluetooth құрылғысы арқылы қосылғанда, кабельдерді жалғамай-ақ, стерео дыбысты естуге болады.

••Бір уақытта тек бір ғана теледидарға қосуға болады.

НЕМЕСЕ

Бастапқы байланыс

1.BT PAIRING” режиміне өту үшін, қашықтан басқару пультіндегі PAIR түймесін басыңыз.

(НЕМЕСЕ) a. Оң жақтағы панельден (Бастапқы көз) түймесін басыңыз, содан кейін “BT” таңдаңыз. “BT” опциясын “BT READY” опциясына өзгертіңіз.

b.BT READY” жазуы пайда болғанда, “BT PAIRING” опциясын көрсету үшін Soundbar құрылғысының оң жақ панеліндегі (Бастапқы көз) түймесін 5 секундтан артық басып тұрыңыз.

2.Теледидардағы Bluetooth режимін таңдаңыз. (Қосымша ақпаратты ТД пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.)

3.ТД экранындағы тізімнен “[AV] Samsung Soundbar Nxxx N-Series таңдаңыз.

Қолжетімді Soundbar құрылғысы ТД Bluetooth құрылғысының тізімінде “Need Pairing” немесе “Paired” жазуымен көрсетіледі.

Soundbar құрылғысына қосылу үшін хабар таңдап, байланыс орнатыңыз.

••Теледидар қосылғанда, Soundbar құрылғысының алдыңғы дисплейінде [ТД атауы]” → “BT” хабары пайда болады.

4.Енді Soundbar құрылғысынан теледидар дауысын естуге болады.

KAZ - 12

Page 94
Image 94
Samsung HW-N550/RU manual Әдіс. Сымсыз қосу, Теледидарды Bluetooth құрылғысы арқылы қосу, Бастапқы байланыс