BT READY және BT PAIRING режимдерінің айырмашылығы қандай?

••BT READY : Бұл режимде алдында жалғанған теледидарларды іздеуге немесе алдында жалғанған ұялы құрылғыларды Soundbar құрылғысына қосуға болады.

••BT PAIRING : Бұл режимде жаңа құрылғыны Soundbar құрылғысына жалғауыңызға болады.

(Soundbar құрылысы “BT” режимінде тұрғанда қашықтан басқару пультіндегі PAIR түймесін немесе Soundbar құрылғысының оң жағындағы (Бастапқы көз) түймесін 5 секунд басып тұрыңыз.)

ЕСКЕРТПЕЛЕР

••Bluetooth құрылғысын қосып жатқанда PIN код сұраса, <0000> мәнін енгізіңіз.

••Bluetooth байланысы режимінде, егер Soundbar мен Bluetooth құрылғысы арасындағы қашықтық 10 м асса, Bluetooth байланысы жоғалады.

••Дайын күйде болғанда 5 минут өтсе, Soundbar автоматты түрде өшеді.

••Мына жағдайларда Soundbar құрылғысы Bluetooth құрылғысын іздемеуі мүмкін немесе оған дұрыс қосылмауы мүмкін:

–– Soundbar құрылғысының айналасында күшті электр өрісі болса.

–– Бірнеше Bluetooth құрылғысы Soundbar құрылғысына бір уақытта жұптастырылса.

–– Егер Bluetooth құрылғысы өшірулі болса, өз орнында болмаса және дұрыс жұмыс істемесе.

••Электрондық құрылғылар радиокедергілердің пайда болуына себеп болуы мүмкін. Микротолқынды пеш, сымсыз LAN құрылғылары және басқа да электромагниттік толқын шығаратын құрылғыларды Soundbar негізгі құрылғысынан алшақ ұстаңыз.

••Soundbar SBC деректерін (44,1 кГц, 48 кГц) қолдайды.

••Тек A2DP (AV) функциясын қолдайтын Bluetooth құрылғысына қосыңыз.

••Тек HF (Hands Free) функциясын қолдайтын Bluetooth құрылғысына Soundbar жүйесін қосу мүмкін емес.

••Soundbar жүйесін Bluetooth құрылғысына жұптағаннан кейін, құрылғының сканерленген құрылғылар тізімінен “[AV] Samsung Soundbar Nxxx N-Series тармағын таңдау Soundbar жүйесін “BT” режиміне автоматты түрде өзгертеді.

–– Soundbar құралы Bluetooth құрылғысының жұпталған құрылғыларының тізімінде болса ғана қолжетімді. (Bluetooth құрылғысы мен Soundbar бұрын кем дегенде бір рет жұпталуы қажет.)

••Soundbar құралы Bluetooth құрылғысының ізделген құрылғылар тізімінде Soundbar көрсетілген кезде ғана пайда болады “BT READY”.

••Bluetooth режимінде тұрған және басқа Bluetooth құрылғысымен жұптастырылған Soundbar құрылғысын басқа Bluetooth құрылғысымен жұптастыру мүмкін емес.

Bluetooth Power қосулы (SOUND MODE)

Егер алдында жұптастырылған Bluetooth құрылғысы Bluetooth Power қосулы функциясы қосылғанда және Soundbar құрылғысы өшірілгенде Soundbar құрылғысымен жұптаспақ болса, Soundbar құрылғысы автоматты түрде қосылады.

1.Soundbar құрылғысы қосылып тұрғанда қашықтан басқару құрылғысындағы SOUND MODE түймесін 5 секундтан артық басып тұрыңыз.

2.ON-BLUETOOTH POWER” параметрі Soundbar құрылғысының дисплейінде пайда болады.

KAZ - 19

Page 101
Image 101
Samsung HW-N550/RU manual Bluetooth Power қосулы Sound Mode, BT Ready және BT Pairing режимдерінің айырмашылығы қандай?