Бұл тоңазытқышты қолданар алдында, нұсқауларға сай орнатып, дұрыс жерге орналастыру керек.

Орамынан шығарғаннан кейін, орам материалдарын балалардан алыс ұстаңыз.

-Балалар бұл орамдарды бастарына киіп алса, тұншығып өлуі мүмкін.

Ашаны розеткаға сымын төмен салбыратып дұрыс жалғау керек.

-Егер ашаның түп жағын жоғары қаратып жалғасаңыз, қуат сымы қиылып, өрт немесе электр қатері орын алуы мүмкін.

Тоңазытқыштың артында тұрған ашаның жаншылып, немесе бүлініп қалмағанын тексеріңіз.

Тоңазытқышты жылжытқан кезде, ашаны басып кетпеуге немесе бүлдіріп алмауға тырысыңыз.

-Бұндай жағдайда өрт қатері орын алуы мүмкін.

Құрылғыны орнатқанда ашаға қол оңай жететін етіп орнату керек.

Тоңазытқышты міндетті түрде жерге қосу керек.

-Тоңазытқышты міндетті түрде тоқ шығып немесе тоңазытқыштан шыққан тоққа соғылмас үшін жерге қосу керек.

Газ түтіктерін, телефон сымдарын немесе басқа жарықтандыру сымдарын тоңазытқышты жерге қосу үшін қолданбаңыз.

-Жерге қосу ашасы дұрыс қолданылмаса электр қатері орын алуы мүмкін.

Егер қорек сымы бүлінсе, оны дереу өндірушіге немесе оның уәкілетті агентіне ауыстырту керек.

Тоңазытқыштағы сақтандырғышты білікті техник немесе қызмет көрсету компаниясы ауыстыруға тиіс.

-Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы не адам жарақаттанып қалуы мүмкін.

АБАЙБОЛЫҢЫЗ ОРНАТУҒА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТУЛЕР

Тоңазытқышты жеткілікті орын шығарып, тегіс жерге орнату керек.

-Егер тоңазытқыш деңгейі дұрыс орнатылмаса, ішкі салқындату жүйесі дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

Құрылғының корпусындағы немесе орнату үшін қолданылған бөліктеріңдегі желдеткіш саңылауларды бітемей ашық ұстаңыз.

Құрылғыны орнатып болғаннан кейін 2 сағат қоя тұрыңыз.

ЕСКЕРТУ ІСКЕ ҚОЛДАНУҒА ҚАТЫСТЫ ҚАТАҢ ЕСКЕРТУЛЕР

Ашаны су қолыңызбен розеткаға сұқпаңыз.

Құрылғының үстіне зат қоймаңыз.

-Есікті ашқанда немесе жапқанда, заттар құлап кетіп, адам жарақаттануы немесе және/не мүлікке зиян келуі мүмкін.

қауіпсіздік туралы ақпарат _5

DA99-03236J(KAZ-5).indd 5

 

 

2010.6.15 5:40:37

PM