БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫН ПАЙДАЛАНУ

Б. Сандық дисплейлі үлгі

Жұмыс түймешесі

• Егер сіз тоңазытқышты сөндіргіңіз келсе, осы түймешені 3 минут бойы басып тұрыңыз.

Қосылып тұрған тоңазытқышты құрастырмаңыз.

Ескерту – Ол электр тоғының соғуына немесе тоңазытқыштың бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.

ТОҢАЗЫТУ КАМЕРАСЫНДАҒЫ ТЕМПЕРАТУРА түймешесі• • Тоңазыту камерасының температурасын өзгерту үшін:

- ТОҢАЗЫТУ КАМЕРАСЫНДАҒЫ ТЕМПЕРАТУРА түймешесін басыңыз. Дисплей () сол кезде қойылған температураны көрсетеді.

- Дисплей () қажетті температураны көрсеткенше ТОҢАЗЫТУ КАМЕРАСЫНДАҒЫ ТЕМПЕРАТУРА түймешесін бір немесе бірнеше рет басыңыз.

- Тоңазыту камерасына қажетті температураны қойып болғаннан соң тоңазыту камерасындағы температураны көрсететін дисплей 5 рет жыпылықтайды.

• Түймешені басу кезінде қойылған температура циклді түрде өзгеріп отырады. +70°С температурасын көрсеткеннен кейін индикатор қайтадан +10°С-ты көрсетеді.

• Тоңазыту камерасына қойылатын температура аралығы: +10°С-тан +70°С-қа дейін.МҰЗДАТУ КАМЕРАСЫНДАҒЫ ТЕМПЕРАТУРА түймешесі

• Қалыпты үлгілерде дисплейден () көрінетін температура мұздату камерасында қойылған температураны көрсетіп тұрады.

• Мұздату камерасының температурасын өзгерту үшін:

- МҰЗДАТУ КАМЕРАСЫНДАҒЫ ТЕМПЕРАТУРА түймешесін басыңыз. Дисплей () сол кезде қойылған температураны көрсетеді.

- Дисплей () қажетті температураны көрсеткенше МҰЗДАТУ КАМЕРАСЫНДАҒЫ ТЕМПЕРАТУРА түймешесін бір немесе бірнеше рет басыңыз.

• Түймешені басу кезінде қойылған температура циклді түрде өзгеріп отырады. -25°С температурасын көрсеткеннен кейін дисплей қайтадан -14°С-ты көрсетеді.

• Тоңазыту камерасына қойылатын температура аралығы: -14°С-тан -25°С-қа дейін.

7