• Бензин, ерітінді, алкоголь, эфир немесе қысылған газ сияқты ауыспалы немесе тез тұтанатын заттарды тоңазытқышта сақтамаңыз.

- Мұндай өнімдерді сақтау жарылуға себеп болуы мүмкін.

• Төмен температураға шыдамайтын фармацевтикалық өнімдерді, ғылыми материалдарды немесе төмен температураға шыдамайтын өнімдерді тоңазытқышта сақтамаңыз.

- Қатаң температураны қажет ететін өнімдер тоңазытқышта сақталмауы керек.

• Өндіруші ұсынған болмаса, электр құрылғыны тоңазытқышқа қоймаңыз немесе пайдаланбаңыз.

• Тоңазытқыштың ішін кептіру үшін шаш кептіргішті пайдаланбаңыз.Жағымсыз иістерді кетіру үшін жағылған балауызды тоңазытқышқа қоймаңыз.

- Оның салдарынан электр тогының соғуы немесе өрттің шығуы мүмкін.

• Мұздатқыштың қабырғаларына немесе мұздатқышта сақталған өнімдерге су қолыңызбен тиіспеңіз.

- Оның салдарынан қолыңызды мұздатып алуыңыз мүмкін.

• Еріту процесін жылдамдату үшін механикалық құрылғыларды немесе өндіруші ұсынғандарынан басқа құралдарды пайдаланбаңыз.

• Салқындату циклын бүлдірмеңіз.

• Бұл бұйым тұрмыста тек тағам сақтауға арналған.

• Бөтелкелер бір-біріне жақын қойылуы керек, сонда олар құлап кетпейді.

• Газ (пропан, төмен қысымды газ, т.б.) шыққан жағдайда қуат ашасына тиіспей, бірден желдетіңіз.

Құрылғыға немесе электр шнурына тиіспеңіз. - Желдеткішті пайдаланбаңыз.

- Ұшқын жарылысқа не өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.

• Өндіруші немесе қызмет көрсетуші маман қамтамасыз еткен жарық диодты шамдарды ғана пайдаланыңыз.

• Балалардың құрылғымен ойнап жатпағанына жəне/немесе оған мініп алмағанына көз жеткізу үшін оларды қадағалап отыру керек.

Тоңазытқышты өзіңіз бөлшектемеңіз немесе жөндемеңіз.

-Өрттің шығуына, дұрыс істемей қалуына жəне/ немесе адамның жарақаттануына себеп болуы мүмкін.Дұрыс істемеген жағдайда қызмет көрсетуші маманға хабарласыңыз.

• Егер құрылғыдан бір түрлі дыбыс, күйген иіс немесе түтін шықса, дереу электр

шнурын суырып, жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

- Орындамау салдарынан электр тогының соғуына немесе өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.

• Егер шамды ауыстырған жағдайда қиындық туындаса, қызмет көрсетуші маманға

4_ Орнату және теңшеу

хабарласыңыз.

• Егер бұйым жарық диодты шаммен жабдықталса, шамның қақпағы жəне жарық диодты шамды өзіңіз шешпеңіз.

- Қызмет көрсетуші маманға хабарласыңыз.

• Егер тоңазытқышта шаң немесе су болса, электр шнурын суырып, Samsung Electronics қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

- Өрт шығу қаупі бар.

ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН АБАЙЛАҢЫЗ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

• Бұйымның жақсы жұмыс істеуіне мүмкіндік беру үшін - Құрылғының

артындағы жел кіретін тесіктердің алдына тағамдарды тым жақын қоймаңыз, себебі тоңазытқыш бөлімінде ауаның еркін айналуына кедергі болуы мүмкін.

- Тоңазытқышқа тағам салмас бұрын оны жақсылап ораңыз немесе ауа кірмейтін ыдыстарға салыңыз.

- Мұздату үшін жаңадан салынған тағамды бұрыннан тұрған тағамның жанына қоймаңыз.

• Көмірқышқыл газына толы немесе галдалған сусындарды мұздатқыш бөлімге қоймаңыз. Бөтелкелерді немесе шыны ыдыстарды мұздатқышқа қоймаңыз.

- Ішіндегісі қатқанда, шыны сынып, адамды жарақаттауы немесе мүлікті бүлдіруі мүмкін.

• Тоңазытқыштың функцияларын ауыстырмаңыз немесе өзгертпеңіз.

- Ауыстыру немесе өзгерту салдарынан адамның жарақаттануы жəне/немесе мүліктің бүлінуі мүмкін.Бұл толық құрылғыда 3-ші тарап жасаған өзгертулер не Samsung кепілдігінде қамтылмайды, не Samsung компаниясы 3-ші тарап өзгертулерінен келген қауіпсіздік мəселелірен жəне зақымдарына жауап бермейді.

• Ауа тесіктерін жаппаңыз.

- Егер ауа тесіктері, əсіресе, пластикалық сөмкемен жабық болса, тоңазытқыш салқындамауы мүмкін.Егер салқындау уақыты ұзақ болса, су сүзгісі бүлініп, соның салдарынан су аққан болуы мүмкін.

- Мұздату үшін жаңадан салынған тағамды бұрыннан тұрған тағамның жанына қоймаңыз.

• Мұздатылған тағамдардың максималды сақтау уақытын жəне жарамдылық мерзімдерін көріп алыңыз.

• Жəндіктерге қарсы құралдар сияқты ұшатын затты құрылғының бетіне шашпаңыз.

- Сондай-ақ, ол адамдарға зиян келтіре отырып, электр тогының соғуына, өрттің шығуына немесе бұйымға қиындықтар тудыруы мүмкін.

• Есігін ашқанда, өзіңізді жарақаттап алмаңыз.

Page 36
Image 36
Samsung RL59GYBMG2/BWT, RL59GYBIH1/BWT manual Өрт шығу қаупі бар, Тоңазытқыштың функцияларын ауыстырмаңыз немесе өзгертпеңіз