ОРНАТУ

ОРНАТУ

ӨНІМДІ ОРНАТУ

Өнімнің орны

Оны тірекке немесе шкафтың сөресіне немесе ТД үстелінің астына қойыңыз.

Тыңдау Орнын таңдау

Тыңдау орны теледидардан оның экранының өлшемінен 2,5-3 есе көп ара қашықтықта болуы қажет.

Мысалы : 32" ТД 2~2,4 м үшін 55" ТД 3,5~4 м үшін

Бұл динамиктерді отырып, тыңдайтын жерге қарама-қарсы, өзіңізге қаратып (шамамен 45°) қойыңыз. Динамиктерді жоғары жиілік репродукторлары құлақ деңгейінде болатын етіп орналастырыңыз.

++Өнімді орнату әдісі

Балаларға динамиктердің жанында немесе олармен ойнауға рұқсат бермеңіз. Динамик құласа, олар бір жерін ауыртып алуы мүмкін.

Сымдарды өнімге жалғағанда түстің дұрыс болғанын тексеріңіз.

Динамик теледидардың жанына қойылса, экранның түсі динамик тудыратын магниттік өріс әсерінен бұрмалануы мүмкін. Бұндай жағдай орын алса, динамикті теледидардан аулақ қойыңыз.

++Тороидтық феррит өзекті қуат кабеліне жалғау (қосымша)

Егер тороидтық феррит өзекті (қосымша) қуат кабеліне тақсаңыз, ол радио сигналдарынан келетін жоғары жиілікті кедергілерді болдырмауға көмектеседі.

1.Тороидтық ферриті өзегін ашу үшін оның бекіткіш тілін тартыңыз.

2.Тороидтық феррит өзекті қуат кабеліне көрсетілгендей тіркеп, орнына түскенше басыңыз.

Қуат кабеліне тороидтық феррит өзекті орнату

KAZ

Көтеріп фиксаторды босатыңыз және өзекті ашыңыз.

Қайтадан бекіту үшін басыңыз .

Кабельді катушкаға екі рет ораңыз.

9

Page 29
Image 29
Samsung TW-H5500/RU manual Өнімді Орнату, ++Өнімді орнату әдісі, ++Тороидтық феррит өзекті қуат кабеліне жалғау қосымша