ЖАЛПЫ ИНТЕРФЕЙС ұяшығына (ТД қарау картасының ұяшығы) қосылу

Ақылы арналарды көру үшін “CI немесе CI+ CARD” картасын салу керек.

• Егер “CI немесе CI+ CARD” картасын салмасаңыз, кей арналарда “Scrambled Signal” жазуы көрсетіледі.

2-3 минуттан кейін бейнебетте телефон нөмірі, “CI немесе CI+ CARD” анықтағышы, хост анықтағышы және басқа да деректерді қамтыған келісім туралы мәлімет көрсетіледі. Егер ақаулық туралы ақпарат пайда болса, қызмет провайдеріне хабарласыңыз.

• Арна деректерін конфигурациялау жұмысы аяқталған кезде,

• Үлгі түріне қарай суреттер әр түрлі болуы мүмкін.

арналар тізімінің жаңартылғанын білдіретін “Updating Completed”

 

(Жаңарту аяқталды) хабары көрсетіледі.

 

ЕСКЕРІМ

 

“CI немесе CI+ CARD” картасын жергілікті кабельдік телевидение провайдерінен алуыңыз керек.

“CI немесе CI+ CARD” картасын еппен шығарып алыңыз, себебі “CI немесе CI+ CARD” жерге түсіп кетсе, оған нұқсан келуі мүмкін.

“CI немесе CI+ CARD” картасын онда көрсетілген бағытта орнатыңыз.

COMMON INTERFACE ұяшығының орналасатын жері оның үлгісіне байланысты әрқилы болуы мүмкін.

Кей елдер мен аймақтарда “CI немесе CI+ CARD” модуліне қолдау көрсетілмеуі мүмкін, уәкілетті дилерге хабарласыңыз.

Мәселе туындаған жағдайда, қызмет провайдеріне хабарласыңыз.

Ағымдық антенна параметрлеріне қолдау көрсететін “CI немесе CI+ CARD” картасын салыңыз. Экран бұрмалануы немесе көрсетілмеуі мүмкін.

Сигнал көзін өзгерту

Сигнал көзі

ТД / Сыртқы / HDMI1 / HDMI2/DVI / AV / Құраушы

Теледидарды немесе теледидарға жалғанған DVD / Блю-рей ойнатқыштары / кабель қорапшасы / жерсерік ресивері сияқты басқа сыртқы кіріс көздерін таңдау үшін пайдаланыңыз.

SOURCE түймешігін басыңыз. Көрсетілген Сигнал көзі тізімінде қосылған сигнал көздері бөлектеліп тұрады.

PC(D-Sub) кіріс ұяшығына қолдау көрсетілмейді. Егер ДК-ді ТД-ға қосқыңыз келсе, HDMI-DVI сымын ТД-дың HDMI IN 2(DVI) ұяшығына жалғауға болады.

Сыртқы әрқашан белсенді күйде тұрады. TOOLS түймешігін басыңыз.

Атын өзгерту

Сыртқы сигнал көзін қалаған атаумен атай аласыз.

–– ДК-ді HDMI IN 2(DVI) ұяшығына HDMI сымы арқылы жалғаған кезде, теледидарды ДК режиміне Атын өзгерту арқылы қою керек.

–– ДК-ді HDMI IN 2(DVI) ұяшығына HDMI-DVI сымы арқылы жалғаған кезде, теледидарды DVI PC режиміне Атын өзгерту арқылы қою керек.

–– Аудио-видео құрылғыларды HDMI IN 2(DVI) ұяшығына HDMI-DVI сымы арқылы жалғаған кезде, теледидарды DVI құрылғы-рырежиміне Атын өзгерту арқылы қою керек.

Ақпарат

Жалғанған сыртқы құрылғыға қатысты толық ақпаратты қарай аласыз.

Қазақша - 8