Эко сенсор және экранның жарықтылығы
Эко сенсор ТД экранының жарықтылығын автоматты түрде реттейді. Бұл функция бөлменің ішіндегі жарықты өлшейді және пайдаланылатын қуат мөлшерін азайту үшін ТД жарықтылығын автоматты түрде оңтайлы етеді. Егер бұл функцияны сөндіргіңіз келсе MENU > Жүйе > Үнемдеу шешімі > Үнем. сенсор параметріне барыңыз.
Қимылсыз суретке қатысты ескерту
Экранда қимылсыз суреттерді (мысалы, jpeg сурет файлдары), қимылсыз сурет элементтерін (мысалы, ТД арнасының логотиптері, экранның астыңғы жағындағы биржа немесе жаңалықтар жолағы, т.с.с.) немесе панорама немесе 4:3 пішіміндегі бағдарламаларды көрсетпеуге тырысыңыз. Егер қимылсыз суреттерді үздіксіз көрсетсеңіз LED экранда суреттің сапасына әсер ететін, қосарлы суреттер пайда болуы мүмкін. Бұндай әсердің салдарын азайту үшін төмендегі ұсыныстарды орындаңыз:
•Қимылсыз суретті ұзақ уақыт көрсетпеуге тырысыңыз.
•Кез келген суретті әрқашан экранға толық шығарып көруге тырысыңыз. Пішімдерді барынша сәйкестіру үшін ТД- дың сурет пішімі мәзірін қолданыңыз.
•Сурет қалып қоймас үшін жарықтылық пен контраст мәндерін азайтыңыз.
•
ТД-ды күтіп ұстау
Казақ
Казақ - 9