Қабырғалық аспа жинақтың стандартты өлшемдері төмендегі кестеде көрсетілген. Үшінші тарап өндірген аспа жинақты орнатуға арналған бұранданың ұзындығы (C) төменде берілген.

Өнім тобы

Дюйм

VESA спец.(A * B)

С (мм)

Стандартты

Саны

бұранда

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

32

200 x 200

20

~ 21

 

 

LED-ТД

 

 

 

M8

4

40

20,2

~ 21,2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

48

400 x 400

20,8

~ 21,8

 

 

[[ Қабырғалық аспа жинақты ТД қосулы тұрғанда орнатпаңыз. Электр қатерінің әсерінен жарақат алуыңыз мүмкін.

Үнем. сенсор және Экран жарықтылығына қатысты ескерім

Үнем. сенсор бөлме ішіндегі жарықты өлшейді және пайдаланылатын қуат мөлшерін азайту үшін ТД-дың жарықтылығын автоматты түрде реттейді. Бұл ТД-ды автоматты түрде жарық және күңгірт етеді. Осы функцияны сөндіргіңіз келсе Жүйе > Үнемдеу шешімі > Үнем. сенсор функциясына барыңыз.

-- ТД-ды қараңғы жерде қарап отырған кезде экран тым күңгірт болып кетсе, Үнем. сенсор функциясы қосылып тұруы мүмкін.

-- Сенсорды ешбір материалмен бүркемеңіз. Бұл экранның жарықтылығын азайтуы мүмкін.

Сақтау және күтім көрсету

-- ТД экранына жапсырма жабысып тұрса, жапсырманы алғаннан кейін орны сәл ластанып қалуы мүмкін. ТД қарауға кіріспей тұрып осы қоқысты тазалаңыз.

-- Құрылғы корпусының сыртына және экранына тазалау барысында сызат түсуі мүмкін. Сыртқы жағы мен экранына сызат түспес үшін жұмсақ шүберекпен абайлап сүртіңіз.

English Казақ

Құрылғыға су шашуға болмайды. Құрылғыға кірген кез келген сұйық зат оны бүлдіруі, өрт немесе электр қатерінің пайда болуына әкелуі мүмкін.

Құрылғыны шамалы су сіңірілген жұмсақ ылғалды шүберекпен тазалаңыз. Бензол және сұйылтқыш заттар және тазалағыш құралдар тәрізді тұтанғыш сұйықтарды пайдаланбаңыз.

Казақ - 5