5.Бұл кепілдікке келесі себептерге байланысты бүлінген немесе ақаулыққа ұшыраған өнімдер жатпайды, атап айтқанда:

a.апат, теріс қолдану немесе теріс пайдалану;

b.өнім көрсетілген мақсаттан басқа мақсатта қолданылса;

c.Samsung өндірмеген немесе сатпаған бөлшектер қолданылса;

d.Samsung жазбаша рұқсатынсыз енгізілген өзгертулер;

e.транзит, ұқыпсыздық, қуат қарқыны кенет арту немесе төмен түсу салдарынан болған жағдайлар;

f.күн күркіреу, су, өрт немесе басқа да табиғи апаттардың салдарынан келген нұқсан;

g.қалыпты тозу және жыртылу; немесе

h.таратылым тәсілдерінің немесе елдердегі өнім стандарттарының әр түрлі болуы салдарынан болған жағдайлар.

6.Бұл кепілдік өнімнің кепілдік мерзімі аяқталмай тұрып, оған заңды түрде иелік ету үшін сатып алған, кез келген сатып алушы үшін жарайды.

7.ЕГЕР ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМА ШЕКТЕУ САЛМАСА НЕМЕСЕ ҚАРАСТЫРМАСА, ОСЫ КЕПІЛДІКТЕГІ ЕШБІР ШАРТ, SAMSUNG КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДӘЛЕЛДЕНГЕН ҰҚЫПСЫЗДЫҒЫ САЛДАРЫНАН АДАМ ҚАЙТЫС БОЛСА НЕМЕСЕ ЖАРАҚАТТАНСА, SAMSUNG КОМПАНИЯСЫН ЖАУПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТПАЙДЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ШЕКТЕМЕЙДІ.

8.ЗАҢ БОЙЫНША ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛМАЙТЫН SAMSUNG ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРІН ЕСКЕРМЕГЕНДЕ, SAMSUNG МЫНА ЖАҒДАЙЛАР ҮШІН ЖАУАПТЫ ЕМЕС: ЕШБІР ТІКЕЛЕЙ, ЖАНАМА, БАЙҚАУСЫЗ, ҚАСАҚАНА НЕМЕСЕ КҮТПЕГЕН НҰҚСАН НЕМЕСЕ ШЫҒЫНДАР; НЕМЕСЕ ОСЫ ӨНІМДІ САТЫП АЛУҒА НЕМЕСЕ ПАЙДАЛАНУҒА НЕ САТУҒА ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА ТҮРДЕ БАЙЛАНЫСЫ БАР КІРІСТЕН АЙЫРЫЛУ НЕМЕСЕ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІГІНЕН АЙЫРЫЛУ НЕ ДЕРЕКТЕРДІ ЖОҒАЛТЫП АЛУ, РЕПУТАЦИЯДАН НЕМЕСЕ БИЗНЕСТЕН АЙЫРЫЛУ ТӘРІЗДІ SAMSUNG КОМПАНИЯСЫНА ХАБАРЛАНҒАН НЕМЕСЕ ХАБАРЛАНБАҒАН НҰҚСАНДАР, ШЫҒЫНДАР.

9.ЗАҢ БОЙЫНША ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛМАЙТЫН SAMSUNG ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРІН ЕСКЕРМЕГЕНДЕ, SAMSUNG КОМПАНИЯСЫНЫҢ ОСЫ КЕПІЛДІК НЕМЕСЕ САТЫЛЫМ АЯСЫНДА НЕМЕСЕ СОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ ОРЫНДАЛАТЫН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ, ОСЫ ӨНІМДІ ЖАҢАДАН САТЫП АЛҒАН КЕЗДЕ ТӨЛЕНГЕН АҚЫ МӨЛШЕРІНЕН АСПАУҒА ТИІС:

10.ЕГЕР ОСЫ КЕПІЛДІКТЕ КӨРСЕТІЛМЕСЕ, БАРЛЫҚ ШАРТТАР, КЕПІЛДІКТЕР МЕН ТАЛАПТАР ЗАҢ НЕГІЗІНДЕ КӨРСЕТІЛГЕН НЕМЕСЕ ЕГЕР БҰНДА ЕСЕПКЕ АЛЫНБАСА, ОНДА ЗАҢ РҰҚСАТ ЕТЕТІН ЕҢ ШЕТІН ДЕҢГЕЙГЕ САЙ ЕСЕПКЕ АЛЫНБАҒАН.

11.Жоғарыда көрсетілген кепілдік шарттары, сіздің сатып алушы ретіндегі заңды құқықтарыңызға нұқсан келтірмейді.

Казақ-28

[VG-SWD1000-CIS-IB]Rev1.2L04.indb 28

 

 

2015-04-08 오후 1:39:42