КЕПІЛДІК

Бұл SAMSUNG компаниясының бренд-өніміне, оны SAMSUNG бастапқы сатып алушыға түпнұсқа картон қорабына салынған күйде, жаңа қалпында жеткізген және таратқан кезде, құрылғының материалына және зауытта жасалған жұмыстарға 2 жылдық SAMSUNG кепілдігі қоса беріледі. (Коммерциялық мақсатта пайдалану үшін, бөлшектеріне және жасалуына қатысты ақауға 90 күндік кепілдік беріледі) Бұл шектеулі кепілдіктің уақыты бастапқы сатып алған күннен басталады. Кепілдікке кіретін қызмет алу үшін, пайдаланушы ақауды және қызмет көрсету рәсімін анықтау үшін SAMSUNG компаниясына хабарласуға тиіс. Кеплдікке кіретін қызметті SAMSUNG уәкілетті қызмет көрсету орталығы ғана іске асыруға тиіс. Егер SAMSUNG компаниясы немесе SAMSUNG уәкілетті қызмет көрсету орталығы сұраса, сатып алудың дәлелі ретінде бастапқы сатып алған күн көрсетілген чекті көрсету керек.

КЕПІЛДІК ШАРТЫ БОЙЫНША ШАҒЫМ ТҮСІРУ РӘСІМІ

Кепілдік шарты бойынша шағым түсіру үшін, Samsung уәкілетті қызмет көрсету орталығына (қараңыз: толық ақпарат жоғарыда) Кепілдік мерзімі кезінде хабарласып, өнімге қатысты туындаған мәселелерді талқылаңыз. Егер жөндеу немесе айырбастау жұмыстарын орындау қажет болса, сізге Кепілдік шағымы нөмірі мен Уәкілетті қызмет көрсету орталығының мекенжайы беріледі.

Егер сізге өнімді жөндеу немесе айырбастау үшін Кепілдік шағымы нөмірі берілсе, өнімді Уәкілетті қызмет көрсету орталығына төмендегілерді қоса жіберуіңіз керек:

(i)толтырылған кепілдік түбіртегінің көшірмесін, егер бұл құжат Samsung компаниясына әлдеқашан берілген болса, аты-жөніңізді, мекенжайыңыз бен байланыс телефон нөміріңізді беріңіз;

(ii)өнімді жаңадан сатып алғанда берілген түпнұсқалық чек, инвойс немесе сатып алу парақшасы;

(iii)Кепілдік шағымы нөмірі.

Содан кейін Samsung өнімді жөндейді немесе ауыстырады да, берілген мекенжай бойынша өзіңізге қайтарады.

КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ

1.Кепілдік тек жоғарыда аталып өткен кепілдік шағымын рәсімдеу шарттары орындалса ғана заңды күшке ие.

2.Samsung жауапкершілігі өнімді жөндеу немесе өз шешіміне орай, өнімді немесе оның ақаулығы бар бөлшегін айырбастаумен ғана шектеледі.

3.Кепілдік шарты бойынша жөндеулерді тек Samsung уәкілетті орталықтары ғана жүзеге асыруға тиіс. Samsung тарапынан рұқсат алмаған қызмет көрсету орталықтары мен делдал ұйымдар жүзеге асырған жөндеу жұмыстары үшін ешбір төлемақы қайтарылмайды, және бұндай жөндеу жұмыстары мен өнімге зақым келтірген жөндеу жұмыстары кепілдік шартына кірмейді.

4.Егер бұл өнімді, аталмыш өнім арналған немесе жасақталған елден басқа елде қолдану үшін, сол елдегі заң күшіне ие жалпы заңдар мен техникалық стандарттарға немесе қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келтіру қажет болса, бұндай әрекет, өнім ақауы бар материалдан жасалған немесе оны жасау барысында жұмыс ақауы орын алған дегенді білдірмейді. Бұндай өзгертулер де, олардың салдарлары да бұл кепілдікке кірмейді, және бұндай шығындардың құны қайтарылмайды.

Казақ-27

Казақ

[VG-SWD1000-CIS-IB]Rev1.2L04.indb 27

 

 

2015-04-08 오후 1:39:42