Батареяларды орнату (Батарея өлшемі: AAA)

Батареяның полюстерін батарея салынатын бөліктегі белгілерге келтіріп салыңыз.

1

2

3

ЕСКЕРІМ

•• Батареяны салған кезде оның полюстерін (+/-) батарея бөлігіндегі суретке келтіріп салуды ұсынамыз.

•• Қашықтан басқару пультін теледидардан 23 фут қашықтықта тұрып қолданыңыз.

•• Өткір жарық қашықтан басқару пультінің жұмыс жасауына әсер етуі мүмкін. Оны люминесцентті немесе неон белгілерінің қасында тұрып қолданбауға тырысыңыз.

•• Түсі мен пішімі үлгі түріне қарай әр түрлі болуы мүмкін.

Орнату (параметрлерді бастапқы орнату)

ТД-ды бірінші рет қосқан кезде негізгі параметрлерді бірінен соң бірі көрсетілетін нұсқаулар мен бейнебеттердің көмегімен баптауға болады. Орнату үрдісін бастау үшін қашықтан басқару пультінің Pтүймешігін басыңыз.

Орнату сигнал көзі ретінде ТД таңдалса ғана жұмыс істейді. "Сигнал көзін өзгерту" тарауын қараңыз (б. 14). Параметрді орнатудың алдыңғы қадамына Орнату қадамы кезінде өту үшін Алдыңғы параметрін таңдаңыз. ТД-ды қоспай тұрып, ТД-дың антеннаға немесе кабельге және тоқ көзіне қосылып тұрғанын тексеріңіз. (б. 5). Орнату үрдісін бастар алдында Бастау параметрін таңдаңыз.

1

Мәзір тілі:

Қажетті мәзір тілін қашықтан басқару пультімен таңдап, содан кейін Бұдан әрі параметрін

Тілді таңдаңыз.

таңдаңыз. Келесі қадамда ТД мәзірді таңдалған тілде көрсетеді.

2

Пайдалану режимі: Үйде

Қашықтан басқару пультімен Үйде пайд. функциясын таңдаңыз да, содан кейін Бұдан әрі.

пайд. режимін таңдаңыз.

параметрін таңдаңыз.

Көрсету режимі бөлшек сауда орталықтарында қолдануға арналған.

Казақ

3Желі параметрлері: Желі параметрлерін теңшеңіз Кейін қосылу үшін Өтк-у

параметрін таңдаңыз.

4Бағд-қ құрал жаңарту:

Бағдарламаны ең соңғы нұсқасына дейін жаңарту

Кейін жаңарту үшін Өтк-упараметрін таңдаңыз.

Желі қосылымын орнату үшін қашықтан басқару пультімен Бұдан әрі параметрін таңдаңыз. Егер желі параметрлерін орнату деректерін білмесеңіз немесе кейін орнатқыңыз келсе, Өтк-упараметрін таңдаңыз. Параметрлерді орнатуға қойылатын талаптар мен нұсқауларға қатысты толық ақпаратты эл. нұсқаулықтың "Желіге сым арқылы немесе сымсыз қосылу параметрлерін баптау" тарауынан және осы пайдаланушы нұсқаулығының Желіге қосылу тарауынан қараңыз (б. 18). Кейін Желі мәзірін қолданып желіге қосылуға болады.

ТД-дың бағдарламалық жасақтамасын жаңарту үшін Бұдан әрі пәрменін таңдаңыз. Егер ТД-дың бағдарламалық жасақтамасын жаңарту қажет болса, ТД автоматты жаңарту үрдісін орындайды. Егер кейінірек жаңартқыңыз келсе, Өтк-упараметрін таңдаңыз. Толығырақ ақпаратты эл. нұсқаулықтың Бағд-қ құрал жаңарту (Таңдаулы функциялар → Қолдау көрсету мәзірі) тарауынан қараңыз.


Желінің қалып-күйіне байланысты бұған біраз уақыт қажет болуы мүмкін.

Казақ - 11

[UE8000 -RU]BN68-04528M-01L04.indb 11

2012-10-15 �� 2:57:55

Page 80
Image 80
Samsung UE55ES8000SXMS manual Орнату параметрлерді бастапқы орнату, Батареяларды орнату Батарея өлшемі AAA, Мәзір тілі