Бастапқы жұптастыру

IR қабылдағыш

30см ~ 4м

Smart Touch Control

<Жалғанып жатыр >

<Жұптастыру аяқталды >

ТД-дың параметрін алғаш баптағаннан кейін Smart Touch Control құралын ТД-ға жалғау керек.

1.Smart Touch Control құралын ТД-дың IR сенсорына бағыттап, Smart Touch Control құралының кез келген түймешігін басыңыз.

2.Бейнебеттің астыңғы сол жағында қосылым белгішелері көрсетіледі де ТД автоматты түрде Smart Touch Control құралына қосылады.

Егер жұптастыру әрекетін қайта орындағыңыз келсе, артқы қақпақтың ортасындағы қайта бастапқы қалпына қою түймешігін инемен немесе майыспаған қағаз қапсырмасының ұшымен басыңыз. Smart Touch Control функциясы бастапқы қалпына қойылады.

•• Smart Touch Control PAIRING Reset түймешігі

Казақ

Сенсорлық тақтаны баптау

Smart Touch Control құралының сенсорлық тақтасын баптау үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

1.NUMBERšтүймешігін 3 секунд басыңыз. Баптау үрдісі басталады.

2.Болған кезде Smart Touch Control құралының үстіңгі жағындағы барлық LED индикаторлары екі рет қатар жыпылықтайды.

Баптау барысында сенсорлық тақтаға қол тигізбеңіз.

Егер сенсорлық тақта дәлдігін жоғалтса, 1-2-ші қадамдарды қайталап сенсорлық тақтаны қайта баптаңыз.

Сенсорлық тақтаны пайдалану

Бейнебеттің астыңғы жағына жылдам функциялардың тізімін шығару үшін сенсорлық тақтаның астыңғы жағындағы түймешігін басыңыз. Бұл тізімде Мәзір, Сигнал көзі, Арн. тіз, 3D және басқа функциялар бар.

Бейнебеттің үстіңгі жағына түрлі-түсті және ойнатуды басқару функцияларын шығару үшін сенсорлық тақтаның үстіңгі жағындағы түймешігін басыңыз.

Бөлектелген элементті жылжыту: Саусағыңызды сенсорлық тақтаға қойып, содан кейін оңнан солға, жоғарыдан төменге немесе төменнен жоғарыға жылжытыңыз.

Бөлектелген элементті үздіксіз жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлық тақта бойымен оңнан солға, солдан оңға, жоғарыдан төменге немесе төменнен жоғарыға жылдам жылжытыңыз.

VOIC

Элементті таңдау үшін: Сенсорлық тақтаны басыңыз.

RETURN VOICE NUMBER

Казақ - 7

[UE8000-RU]BN68-04528M-01L04.indb 7

 

 

2012-10-15 �� 2:57:49