ПАРАМЕТРЛЕРДІ ОРНАТУ

ТД алғаш рет қосылғанда бастапқы параметр орнататын тілқатысу терезесі пайда болады. Бастапқы параметр орнату үдерісін, соның ішінде мәзір тілін, арнаны іздеу, желіге қосылу және басқа функцияларды баптауды аяқтау үшін бейнебеттегі нұсқауларды орындаңыз. Әр қадам сайын, параметрді таңдаңыз немесе қадамнан өтіп кетіңіз. Пайдаланушылар осы әрекетті кейін Бейнебет мәзірі > Жүйе > Орнату мәзірінен қолдан қоса алады.

Егер кез келген құрылғыны орнатпай тұрып HDMI1 ұяшығына жалғасаңыз, Арна ресурсы режимі автоматты түрде Декодер қалпына қойылады.

Егер STB декодері режимін таңдағыңыз келмесе,Aнтенна параметрін таңдаңыз.

Видео құрылғыларды ауыстыру

ТД-ға қосылған құрылғыларды ауыстыру үшін SOURCE түймешігін басыңыз.

Мысалы, екінші HDMI ұяшығына қосылған ойын құрылғысына қосылу үшін SOURCE түймешігін басыңыз. Сигнал көзі тізімінен HDMI2 ұяшығын таңдаңыз. Құрылғыға байланысты ұяшық атаулары әр түрлі болуы мүмкін.Келесі функцияларға бару үшін бейнебетінің үстіңгі оң жақ бұрышынан Құралд. түймешігін қараңыз.

•• Ақпарат

Қосылған құрылғылар туралы толық ақпаратты қараңыз.

•• Атын өзгерту

Сыртқы сигнал көздерін оңай анықтау үшін ТД-ға қосылған құрылғылардың атауларын өзгертуге болады.

ТД-дың HDMI (DVI) ұяшығына HDMI сымымен қосылған компьютер арқылы, мысалы, Атын өзгерту функциясын ДК режиміне өзгертуге болады.

ТД-дың HDMI (DVI) ұяшығына HDMI-DVI сымымен қосылған компьютер арқылы, мысалы, Атын өзгерту функциясын DVI PC режиміне өзгертуге болады.

ТД-дың HDMI (DVI) ұяшығына HDMI-DVI сымымен қосылған АВ құрылғысы арқылы, мысалы, Атын өзгерту функциясын DVI құрылғы-рырежиміне өзгертуге болады.

•• Anynet+ (HDMI-CEC)

ТД-ға қосылған Anynet+ сыйысымды сыртқы құрылғылар тізімі пайда болады.

Бұл функция Anynet+ (HDMI-CEC)функциясы Қосу қалпына қойылғанда ғана жұмыс істейді.

•• USB құрылғысын алып тастау

USB құралын тізімнен қауіпсіз түрде алыңыз. Бұл функция USB құралы таңдалып тұрса ғана жұмыс істейді.

•• Әмбебап қашық-тан басқ. жиынтығы

Жаңа сыртқы құрылғыны Touch Remote Control көмегімен басқару үшін қосқыңыз келсе, SOURCE түймешігін басып, бейнебеттің үстіңгі оң жақ бұрышынан Әмбебап қашық-тан басқ. жиынтығы параметрін таңдаңыз. Пайдаланушылар әмбебап қашықтан басқару пультін қолданып, ТД-ға қосылған жерсерік ресивері, блю-рей ойнатқышы және АВ ресивері тәрізді сыртқы құрылғыларды басқара алады.

Казақ

Казақ - 9

[UF6400-RU]BN68-04778G-08L04.indb 9

2014-03-05 ￿￿ 2:46:23

Page 87
Image 87
Samsung UE32F6400AKXRU, UE55F6400AKXRU Видео құрылғыларды ауыстыру, Қосылған құрылғылар туралы толық ақпаратты қараңыз