ТД-ды Samsung Smart Control құралын қозғау арқылы пайдалану

Samsung Smart Control құралының ТД-ды Samsung Smart Control құралын ұстап тұрып, жылжыту арқылы оңай басқаруға мүмкіндік беретін қозғалыс сенсоры (гиродатчигі) бар.

Саусағыңызды сенсорлық тақтаға қойғаннан кейін, экранда меңзер пайда болады. Ұстап тұрыңыз да, Samsung Smart Control құралын жылжытыңыз. Samsung Smart Control құралы қалай жылжыса, меңзер де солай жылжиды. Айналдырылатын экрандарда бетті жоғары және төмен шарлауға болады.

-- Егер саусағыңызды сенсорлық тақтадан алсаңыз, экрандағы меңзер көрінбей кетеді.

ТД-ды сенсорлық тақтаның көмегімен пайдалану

-- Сенсорлық тақтаны қалай пайдалануға болатынын үйрену үшін экрандағы нұсқауларға сай Қолдау мәзіріне барып, Smart Control оқулығы параметрін таңдаңыз.

Кезелімді/Меңзерді жылжыту

Меңзерді немесе кезелімді белгілі бағытқа жылжыту үшін көрсеткі түймешіктерді (жоғары, төмен, солға және оңға) жылжытыңыз.

Мәзірге кіру & Элементті таңдау

Сенсорлық тақтаны түртіңіз. Сонда ТД мәзіріне баруға немесе элементті таңдауға мүмкіндік туады.

Smart Hub қызметінде мәнмәтінге қатысы бар мәзірді экранға шығару

Smart Hub экранынан сенсорлық тақтаны басып ұстап тұрыңыз. Таңдалған элемент үшін қолжетімді Параметрлер мәзірі көрсетіледі.

-- Параметрлер мәзірі мәнмәтінге байланысты.

Smart Hub панеліне көшу

Smart Hub экранынан сенсорлық тақта бойымен солға немесе оңға қарай сырғытыңыз. Сонда Smart Hub панельдері солға немесе оңға жылжиды.

Web Browser шарлау

Веб шолғыш экранында сенсорлық тақта бойымен жоғары/төмен сырғытыңыз. Сонда веб-сайттың бетін шарлауға болады.

Казақ

Казақ - 15

Page 86
Image 86
Samsung UE85HU8500TXRU, UE55HU8500TXUZ, UE65HU8500TXUZ manual ТД-ды Samsung Smart Control құралын қозғау арқылы пайдалану