Samsung Smart Control құралы
: Дыбысты уақытша сөндіру үшін осы түймешікті басыңыз.
MIC: Микрофонды Дыбыспен басқару және Дыбыс функциялары үшін пайдаланыңыз.
:
SOURCE: Қолжетімді видео сигнал көздерін көрсетуге және таңдауға арналған.
MENU/123: Функцияларды ыңғайлы түрде іске қосу үшін сандары бар түймешіктерді, мазмұнды басқаратын түймешікті және басқа функция түймешіктерін экранға шығарады.
Y: Дыбыс деңгейін өзгертеді.
<P >: Арнаны ауыстырады.
POINTER: Саусағыңызды POINTER түймешігіне қойып, Samsung Smart Control құралын жылжытыңыз. Экрандағы меңзер Samsung Smart Control құралын қозғаған бағытқа қарай жылжиды. Таңдау немесе меңзер қойылған элементті іске қосу үшін POINTER түймешігін басыңыз.
<>¡£: Меңзерді жылжытады және ТД мәзірінде көрсетілген мәндерді өзгертеді.
(Кіру): Меңзер қойылған элементті таңдайды немесе іске
қосады.
RETURN: Алдыңғы мәзірге немесе арнаға оралуға арналған.
: Бейнефильм, сурет немесе саз тәрізді медиа мазмұнды ойнату барысында мазмұнды басқарады.
EXTRA: Ағымдық бағдарламаға қатысты ақпаратты көрсетеді.
SMART HUB: Smart Hub қолданбаларын іске қосады. (Эл. нұсқаулық тарауын, "Смарт функциялар > Smart Hub.") бөлімін қараңыз.
Samsung Smart Control құралына батареяларды орнату
Samsung Smart Control құралын пайдалану үшін артқы қақпақты көрсеткі бағытымен итеріп, батареяларды суретте көрсетілгендей салыңыз. Оң және теріс полюстерінің дұрыс бағытта салынғанына көз жеткізіңіз.
Казақ - 4