Қабырғалық аспа жинақты ТД қосылып тұрғанда орнатпаңыз. Электр тоғы соғып, жарақат алуыңыз мүмкін.

Стандартты ұзындықтан ұзын немесе VESA бұрандалар стандартына сай келмейтін бұрандаларды қолданбаңыз. Өте ұзын бұрандалар ТД-дың ішкі бөлшектеріне зақым келтіруі мүмкін.

Стандартты VESA бұрандасының спецификациясына сай емес қабырғалық аспа жинақ қолданылса, бұрандалардың ұзындықтары қабырғалық аспа жинақтың спецификациясына қарай басқаша болуы мүмкін.

Бұрандаларды тым қатты қатайтпаңыз. Себебі құрылғыға зақым келуі немесе құрылғы құлап, адам жарақат алуы мүмкін. Samsung бұндай қатерлі оқиғалар үшін жауапкершілік көтермейді.

VESA-емес немесе ұсынылмаған қабырғалық аспа жинақ қолданылғанда немесе сатып алушы өнімді орнату нұсқауларын орындамау салдарынан құрылғыға зақым келсе не адам жарақат алса, Samsung жауапкершілік көтермейді.

ТД-ды 15 градустан асыра қисайтпаңыз. ТД-ды үнемі екі адам қабырғаға орнатуға тиіс.

Сымдарды Сым бағыттағыштың көмегімен реттеу

ТД-ды дұрыс желдету

ТД-ды жақсы желдету үшін оны орнатқан кезде, ТД мен басқа заттардың (қабырғалар, жиһаздың қабырғалары т.с.с.) арасында кем дегенде 10 см орын қалуын қамтамасыз етіңіз. Дұрыс желдетпеген кезде, құрылғының ішкі температурасы артып, өрт шығуы немесе оған зақым келуі мүмкін.

ТД-ды тұрғыға қою немесе қабырғалық аспа жинаққа орнату үшін Samsung Electronics бөлшектерін ғана қолдануды ұсынамыз. Егер басқа өндіруші шығарған бөлшектерді қолдансаңыз, өнімге зақым келуі немесе ол құлап, адам жарақат алуы мүмкін.

 

Тұрғыға орнату

 

Қабырғалық аспа жинаққа орнату

 

10 см

 

10 см

10 см

10 см

10 см

10 см

 

 

 

10 см

Казақ - 10

Page 52
Image 52
Samsung UE48JU6600UXRU, UE55JU6610UXRU, UE40JU6610UXRU, UE65JU6800UXRU, UE48JU6610UXRU, UE55JU6600UXRU manual Тұрғыға орнату