¦¦ Арналарды өңдеу

Арна басқарушысы параметрлерінің мәзірі (Channel Manager ішінде)

1.Арнаны таңдаңыз да, TOOLS түймешігін басыңыз.

2.Арнаның атауын немесе нөмірін Edit Channel Name немесе Edit Channel Number мәзірін қолданып өңдеңіз.

■■ Edit Channel Name (тек аналогтық арналар үшін): Арнаға өзіңіз қалаған атау беріңіз.

■■ Edit Channel Number (тек сандық арналар үшін): Нөмірді қажетті сандық түймешіктерді басып өңдеңіз.

¦¦ Басқа функциялары

Cable Search Option

(елге байланысты)

Кабель арнасын іздеу үшін жиілік және сигнал тарату жылдамдығы тәрізді қосымша іздеу параметрлерін орнатады.

■■ Freq.Start / Freq.Stop: Бастау және тоқтату жиілігін орнатады (әр елде әртүрлі)

■■ Symbol Rate: Сигнал тарату жылдамдықтарын көрсетеді.

■■ Modulation: Қолданыстағы модуляция мәндерін көрсетеді.

Channel Manager

Арна басқарушысы параметрлерінің мәзірі

Арнаның кез келгенін Channel Manager мәзірі параметрлерімен орнатыңыз (Lock / Unlock, Timer Recording, Timer Viewing, Sort, Delete, Select All / Deselect All).

Параметр мәзірінің элементтері арнаның күйіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

1.Арнаны таңдаңыз да, TOOLS түймешігін басыңыз.

2.Функцияны таңдаңыз да, оның параметрлерін өзгертіңіз.

■■ Lock / Unlock: Арнаны таңдауға немесе қарауға болмайтындай етіп құрсауға болады.

ЕСКЕРІМ

xx Бұл функция тек Child Lock параметрі On қалпында тұрғанда ғана жұмыс жасайды.

xx PIN кодты енгізу терезесі пайда болады. 4 орынды PIN кодты енгізіңіз, әдепкі PIN код нөмірі: “0-0-0- 0”. PIN кодты Change PIN параметрін қолданып өзгертіңіз.

■■ Timer Recording (тек сандық арналар үшін): Ағымдық таратылымдағы бағдарламаны жазуға немесе бағдарламаны тарату үшін кезекке қойылған бағдарламаны, жазу үшін кезекке қоюға мүмкіндік береді.

Біз USB HDD тәрізді кем дегенде, 5 400 мин/айн құралды қолдануды ұсынамыз, бірақ USB HDD құралының RAID түріне қолдау көрсетілмейді.

USB жады құралы, Device Performance Test сынағын аяқтамай тұрып, жаза алмайды.

Жаза бастау үшін қашықтан басқару пультінен (REC) түймешігін басыңыз. Жазу уақытын орнатуүшін (REC) түймешігін екі рет басыңыз.

■■ Timer Viewing: Қалаған арнаны кезекке қойылған уақыт келгенде автоматты түрде көрсетілетін етіп орнатуыңызға болады. Бұл функцияны қолдану үшін алдымен ағымдық уақытты орнатыңыз.

Сандық арна таңдалып тұрса, сандық бағдарламаны қарау үшін ► түймешігін басыңыз.

■■ Sort (тек аналогтық арналар үшін): Бұл амал сақталған арналардағы бағдарламалар нөмірін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл амал арналарды автоматты түрде сақтау жүзеге асырылған соң қажет болуы мүмкін.

■■ Delete: Қалаған арналарды көрсету үшін арнаны жоюыңызға болады.

■■ Select All / Deselect All: Арна басқарушысындағы барлық арналарды таңдауға немесе бөлектемеуге болады.

Channel List Transfer

PIN кодты енгізу терезесі пайда болады. 4 орынды PIN кодты енгізіңіз. Арна картасын импорттау немесе экспорттауға арналған. Осы функцияны қолдану үшін USB құралын жалғауыңыз керек.

■■ Import from USB: USB құралынан арна тізімін импорттау.

■■ Export to USB: Арна тізімін USB құралына экспорттау. бұл функция USB құралы жалғанып тұрған кезде жұмыс істейді.

Scheduled

(Channel Manager ішінде)

Кезекке қойылған шоу-бағдарламаны қарауға, өзгертуге немесе жоюға болады.

■■ Change Info: Қарау үшін кезекке қойылған шоу- бағдарламаны өзгертуге арналған.

■■ Cancel Schedules: Қарау үшін кезекке қойылған шоу- бағдарламаны біржола тоқтатуға арналған.

■■ Information: Қарау үшін кезекке қойылған шоу- бағдарламаны экранға шығаруға арналған. (Кезекке қою ақпаратын өзгертуге де болады.)

■■ Select All / Deselect All: Кезекке қойылған бағдарламалардың барлығын таңдау немесе бөлектемеуге арналған.

Fine Tune

(тек аналогтық арналар үшін) Сигнал әлсіз немесе бұрмаланған болса, арнаны қолмен баптаңыз.

Бапталған арналар жұлдызшамен “*” белгіленіп тұрады.

Бастапқы баптау параметрлерін орнатқыңыз келсе, Reset таңдаңыз.

Қазақша 15

функциялары Негізгі 03