Қабырғалық аспа жинақты орнатпай тұрып дайындау

A жағдайы. SAMSUNG қабырғалық аспасын орнату

B жағдайы. Басқа компания шығарған қабырғалық аспа

жинақты орнату

 

Қабырғалық аспа жинақ параметрлері (VESA)

Қабырғалық аспа жинақ теледидармен бірге жеткізілмейді, бірақ жеке сатылады. Қабырғалық аспа жинақты қатты қабырғаға, еденге перпендикуляр бағытта орнатыңыз. Басқа құрылыс материалдарына орнату үшін, жақын жердегі дилерге хабарласыңыз. Төбеге немесе қисық қабырғаға орнатса құлап, адам қатты жарақат алуы мүмкін.

ЕСКЕРІМ

−− Қабырғалық аспа жинақтың стандартты өлшемдері төмендегі кестеде көрсетілген.

−− Қабырғалық аспа жинақ сатып аларда, оны орнатуға қатысты толық нұсқаулық пен керек - жарақтар беріледі.

−− VESA стандартты бұрандалар спецификациясына сай келмейтін бұрандаларды қолданбаңыз.

−− Стандартты өлшемнен ұзын немесе VESA бұрандалар стандартына сай келмейтін бұрандаларды қолданбаңыз. Тым ұзын бұрандалар теледидардың ішкі бөлшектеріне зиян келтіруі мүмкін.

−− VESA стандартты бұрандалар спецификациясына сай келмейтін қабырғалық аспа жинақ қолданылса, бұрандаларының ұзындықтары қабырғалық аспа жинақ спецификациясына байланысты басқаша болуы мүмкін.

−− Бұрандаларды тым қатайтпаңыз; себебі өнімге нұқсан келуі немесе құлап қалып, адам жарақат алуы мүмкін. Samsung бұндай қатерлі оқиғалар үшін жауапкершілік көтермейді.

−− VESA стандартына сай емес немесе өндіруші ұсынбаған қабырғалық аспа жинақ қолданылса немесе сатып алушы өнімді орнату туралы нұсқауларды орындамағандықтан өнімге зақым келсе немесе адам жарақат алса, Samsung компаниясы жауапкершілік көтермейді.

−− Теледидарды 15 градустан асыра қисайтпаңыз.

Өнім тобы

Дюйм

VESA Spec.(A * B)

Стандартты

Саны

бұранда

 

 

 

 

 

 

 

 

 

LED

 

 

 

 

жарықтамасы

55 - 65

400 X 400

M8

4

бар теледидар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қабырғалық аспа жинақты теледидар қосулы тұрғанда орнатпаңыз. Себебі электр тоғы соғып, адам жарақат алуы мүмкін.

Казақ

Казақ - 19