МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ

ЖАЛПЫ

Барлық нұсқауларды мұқият оқыңыз. Іске қосудан бұрын электр қуатының кернеуі шаңсорғыштың төменгі жағында орналасқан техникалық деректері көрсетілген тақтайшадағы кернеумен бірдей екеніне көз жеткізіңіз.

ЕСКЕРТУ : Шаңсорғышты кілем немесе еден дымқыл болса пайдаланбаңыз. Суды сору үшін пайдаланбаңыз.

Қандай да бір құрылғыны балалардың жанында пайдаланған кезде мұқият бақылау қажет. Шаңсорғышты ойыншық ретінде пайдалануға жол бермеңіз. Шаңсорғышты бақылаусыз пайдалануға жол бермеңіз. Шаңсорғышты осы нұсқауларда сипатталғандай тек мақсаты бойынша пайдаланыңыз.

Шаңсорғышты шаң қабын тақпастан пайдалануға болмайды.

Тиімді қолданыс үшін шаң қабын толмай тұрып ауыстырыңыз.

Шаңсорғышты сіріңкелерді, шоқтарды немесе темекі тұқылдарын жинау үшін пайдаланбаңыз. Шаңсорғышты пештерден және басқа жылу көздерінен қашық сақтаңыз.

Жылу құрылғының пластикалық бөлшектерінің формасын өзгертуі және өңсіздендіруі мүмкін.

Шаңсорғышпен қатты, өткір заттарды жинауға жол бермеңіз, олар тазалағыш бөліктерін зақымдауы мүмкін.

Шлангыны басып тұрмаңыз. Шлангыге салмақ салмаңыз.

Сору немесе шығыс портын бітемеңіз.

Шаңсорғышты электр розеткасынан ажыратудан бұрын оны үстіндегі түймешігімен өшіріңіз. Шаң себетін босатудан бұрын электр розеткасынан ажыратыңыз. Қуат сымының зақымдалуын болдырмау үшін қуат сымын ашасынан ұстап суырыңыз.

Бұл құрылғыны 8 жастағы не одан жоғары жастағы балаларға және қауіпсіздікке жауапты тұлға құрылғыны

04_ Қауіпсіздік туралы ақпарат

Page 52
Image 52
Samsung VC20F30WNCN/EV, VC20F30WNFN/EV, VC20F30WNAR/EV, VC20F30WNGR/EV, VC20F30WDHL/EV Жалпы, Маңызды Қауіпсіздік Шаралары