Шаңсорғышты құрастыру

Әр бөліктің атауы

құрастыру

[Қалып-күй бейнебеті]

1

6

ⓐ ⓑ ⓒ ⓓ

7

4

3

2

5

Ш 02аңсорғышты

8 9 10

Бейнебет бөлігі

1.Сандар бейнебеті

-Таймер бейнебетін, үрдіс қалып-күйін, қате кодтарын сандар мен қаріптер, графикалық элементтер арқылы көрсетеді.

2.Батарея деңгейінің индикаторы

-Зарядтау : Зарядтау үрдісін 3 қадам бойынша көрсетеді.

-Қолдану барысында : Батарея зарядының деңгейін көрсетеді. Батарея зарядының деңгейі, құрылғы жұмыс жасаған кезде ТОЛЫҚ деңгейден, деңгей санап төмендей бастайды. (Батарея заряды әбден таусылған кезде, бір деңгей жыпылықтайды да, “LO” көрсетіледі.)

3.Бағдарламаланған тазалау

-Тазалауды бағдарламалаған кезде Бағдарламаланған тазалау белгісі жанады.

4.Күнделікті

-Күнделікті тазалауды бағдарламалаған кезде, Күнделікті белгісі жанады.

5.Қайта зарядтау

-Бұл белгі робот шаңсорғыш батареясын зарядтау үшін зарядтағышқа қайтқан кезде жанады.

6.Тазалау режимі бейнебеті

-Тазалау режимі түймешігі басылған сайын, тиісті тазалау режимі көрсетіледі.

(a)Автоматты режим : Бұл белгі Автоматты тазалау режимі таңдалған кезде жанады.

(b)Іріктеп тазалау режимі : Бұл белгі Іріктеп тазалау режимі таңдалған кезде жанады.

(c)Ауқымды тазалау режимі : Бұл белгі Ауқымды тазалау режимі таңдалған кезде жанады.

(d)Қолмен тазалау режимі : Бұл белгі Қолмен тазалау режимі таңдалған кезде жанады.

(e)Жиектерді тазалау режимі : Жиектерді тазалау режимі таңдалған кезде “ ” жанады.

Түймешіктер

7.Бастау/Тоқтату

-Тазалау жұмысын бастау/тоқтату үшін басыңыз.

8.Тазалау режимі

-Тазалау режимін таңдау үшін басыңыз. Тазалау режимін таңдағаннан кейін, тазалай бастау үшін ( ) түймешігін басыңыз.

9.Таймер/Күнделікті

-Бағдарламаланған немесе күнделікті тазалау режимін орнату үшін басыңыз.

10.Қайта зарядтау

-Бұл түймешік басылған кезде, Қайта зарядтау белгісі жанады да, робот шаңсорғыш батареясын зарядтау үшін зарядтағышқа барады.

Шаңсорғышты құрастыру _19

Page 115
Image 115
Samsung VCR8855L3B/XEV manual Сандар бейнебеті, Батарея деңгейінің индикаторы, Бағдарламаланған тазалау, Күнделікті