Қауіпсіздік туралы ақпарат

МАҢЫЗДЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Электрлі құрылғыны қолданған кезде, негізгі сақтық шараларын сақтау керек, соның ішінде:

РОБОТ ШАҢСОРҒЫШТЫ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА НҰСҚАУЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫН ОҚЫҢЫЗ.

Құрылғыны қолданбаған кезде және жөндеу жұмыстарын жүргізер алдында тоқтан ажырату керек.

ЕСКЕРТУ : өрт, тоққа түсу немесе жарақат алу қатерін азайту үшін:

ЖАЛПЫЛАМА НҰСҚАУ

Тек нұсқаулық бойынша қолданыңыз.

Қандай да бір нұқсан келген робот шаңсорғышты немесе зарядтағышты іске қоспаңыз.

Егер шаңсорғыш дұрыс жұмыс істемей тұрса, құлап қалса, бұзылып қалса, далада қалса, не суға түсіп кетсе тұтынушыға қызмет көрсету орталығына апарыңыз.

Зарядтағышты немесе робот шаңсорғышты дымқыл қолмен ұстамаңыз.

Тек үйдің ішінде, құрғақ жерде ғана қолданыңыз.

Бұл құрылғы кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар (балаларды қоса алғанда) қолдануға арналмаған. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.

Балаларды ескі құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек.

БАТАРЕЯ ЗАРЯДТАҒЫШ

Полюстары бар ашаны, полюстары жоқ розеткаға немесе ұзартқышқа жалғау үшін өзгертпеңіз.

Далада немесе дымқыл жерге қойып пайдаланбаңыз.

Қолданбаған кезде және күтім көрсетер алдында зарядтағышты розеткадан ағытыңыз.

Қайта зарядтау үшін тек өндірушіден келген жинақтағы зарядтағышты ғана қолданыңыз.

Зақым келген қуат сымы немесе ашаны қолданбаңыз.

Шаңсорғышты сымынан тартып жылжытпаңыз, сымды тұтқаның орнына қолданбаңыз, есікті жапқанда сымды астына қалдырмаңыз, немесе сымды өткір жиектер мен бұрыштарға орамаңыз. Сымды заттың қызып тұрған беттерінен алыс ұстаңыз.

Тоқ өткізгіштігі сай келмейтін ұзартқыш сымдарды немесе розеткаларды қолданбаңыз.

Құрылғыны тоқтан ажыратқанда сымынан тартпаңыз. Сымынан тартпай, ашасын мықтап ұстап суырыңыз.

Батареяларды бұзбаңыз немесе тұтатпаңыз, себебі жоғары температурда жарылып кетуі мүмкін.

Зарядтағышты ашуға әрекеттенбеңіз. Жөндеу жұмыстарын тек уәкілетті қызмет көрсету орталығы ғана жүзеге асыруға тиіс.

Зарядтағышқа жоғары температура, сыз не ылғалдың әсер етуіне еш жол бермеңіз.

Қауіпсіздік туралы ақпарат _3

Page 99
Image 99
Samsung VCR8855L3B/XEV, VCR8855L3B/XSB manual Балаларды ескі құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек