❚❚ АБАЙЛАҢЫЗ
•Өрт немесе ток соғу қаупін азайту үшін, құрылғыға жаңбыр суын немесе ылғалды тигізбеңіз.
•Жабдыққа еш нәрсе тамбауы немесе шашырамауы тиіс.
Жабдыққа құмыралар сияқты сұйықтықтар құйылған заттарды қоймаңыз.
•Жабдықты толығымен өшіру үшін, розеткадан қуат ашасын шығару керек. Сондықтан қуат ашасына қол жеткізу әрқашан оңай болуы керек.
❚❚ ЕСКЕРТУ
•ТОК СОҒУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН, АШАНЫҢ ЖАЛПАҚ КОНТАКТІСІН ЖАЛПАҚ ҰЯҒА СӘЙКЕСТЕНДІРІП, ТОЛЫҚ КІРГІЗІҢІЗ.
•Бұл жабдық әрдайым қорғағыш жерге қосылған байланысы бар айнымалы ток розеткасына қосылып тұруы тиіс.
•Жабдықты электр қуатынан ажырату үшін, штепсельдік ұшты қуат розеткасынан шығару қажет, сондықтан қуаттың штепсельдік ұшын пайдалану оңай болуы тиіс.
AAҚауіпсіздік шаралары
❚❚ Қуат көзіне қатысты сақтық шаралар
•Розеткаларды немесе ұзартқыш сымдарды шамадан тыс жүктемеңіз.
•Қуат сымын ылғал қолмен қоспаңыз немесе ажыратпаңыз.
•Өнімді жылу шығаратын жабдықтың жанына қоймаңыз.
•Қуаттың штепсельдік ұшының контактілерін тазалау үшін, оны розеткадан шығарып, контактілерін тек құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
•Қуат сымын майыстырмаңыз немесе күш салып тартпаңыз.
•Қуат сымына ауыр заттарды қоймаңыз.
•Қуат сымын бос немесе зақымданған розеткаға қоспаңыз.
•Қуат сымының штепсельдік ұшын розеткаға берік жалғанып тұратындай етіп толық
енгізіңіз.
•АТ қуат сымын ТТ адаптерінің ұясына жалғамас бұрын, ТТ адаптерінің кернеу мәнінің жергілікті электр қуатының көзіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
KAZ - iii