❚❚ Орнатуға қатысты сақтық шаралар
•Өнімді жылу не от шығаратын заттардың немесе жабдықтың (шам, масаға қарсы спираль, жылытқыш, жылу батареясы т.б.) жанына орнатпаңыз. Күн сәулесі тікелей түсетін жерге орнатпаңыз.
•Өнімді жылжыту кезінде қуатты өшіріп, барлық сымдарды (оның ішінде қуат сымын)
құрылғыдан ажыратыңыз.
•Өнімді өте ыстық, ылғалды, шаңды немесе өте суық орталарда орнату сапаға қатысты мәселелердің туындауына немесе өнімнің істен шығуына себеп болуы мүмкін. Өнімді қалыптан тыс ортада орнатпас бұрын, Samsung компаниясының дилеріне немесе қызмет көрсету орталығына хабарласып, қосымша ақпарат алыңыз.
•Өнімді сөреге, шкафқа немесе үстелге қойған кезде үстіңгі панельдің жоғары қарап тұрғанын тексеріңіз.
•Өнімді тұрақсыз бетке қоймаңыз (мысалы, шайқалатын сөре, қиғаш үстел т.б.).
•Өнімді айналасы желдету үшін жеткілікті болатын жерге орнатыңыз.
•Пластикалық қаптама материалын балалардың қолдары жетпейтін жерде сақтаңыз.
туындайды.
❚❚ Пайдалануға қатысты сақтық шаралары
•Ұзақ уақыт бойы жоғары дыбыс деңгейінде пайдалану есту қабілетіңізге қатты зақым
келтіруі мүмкін.
•Бұл өнімде қауіпті жоғары кернеу беріледі. Өз бетіңізбен бөлшектеуге, жөндеуге немесе
өзгертуге әрекеттенбеңіз.
KAZ - iv