Өнімнің үстіне ішінде сұйықтық бар ешқандай ыдысты қоймаңыз (мысалы, құмыра, сусын, косметика, химиялық заттар т.б.). Өнімге (ауа желдеткіштері, I/O порттары т.б. арқылы) ешқандай заттардың (мысалы, тиын, шаш қыстырғыш т.б.) немесе жанғыш

материалдың (мысалы, қағаз, сіріңке т.б.) енбеуін қадағалаңыз.

-- Егер өнім ішіне зиянды зат немесе сұйықтық кіріп кетсе, өнімді дереу өшіріп, қуат сымын ажыратыңыз да, Samsung компаниясының дилеріне немесе қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Өнімді жерге құлатпаңыз. Өнім сынып қалса, қуат сымын ажыратып, Samsung

компаниясының дилеріне немесе қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. -- Өрт шығу немесе ток соғу қауіпі бар.

Өнімнің қуат сымынан немесе сигнал кабелінен ұстамаңыз немесе тартпаңыз.

-- Зақымданған кабельден өнімнің бұзылуы, өрт шығу немесе ток соғу қаупі туындауы мүмкін.

Өнімнің жанында жанғыш материалдарды пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз.

Егер өнімнен біртүрлі дыбыс, күйген иіс немесе түтін шықса, дереу қуат сымын ажыратып, Samsung компаниясының дилеріне немесе қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Егер газдың иісін сезсеңіз, бөлмені дереу желдетіңіз. Өнімнің қуат ашасын ұстамаңыз. Өнімді өшірмеңіз немесе қоспаңыз.

Өнімді құлатып алмаңыз немесе кенеттен соғып алмаңыз. Өнімді өткір затпен теспеңіз.

Бұл өнімді іште жылжытуға және қоюға болады.

Бұл өнім суға немесе шаңға төзімді емес.

Өнімді құлатудың немесе зақымдаудың алдын алу үшін, оны жылжыту кезінде абай болыңыз.

Тазалауға қатысты сақтық шаралар

Өнімді тазалау үшін спирт, еріткіш, парафин, бензин, сұйылтқыш, ауаны тазартқыш немесе майлағышты ешқашан пайдаланбаңыз немесе өнімге жәндіктерді өлтіру құралын

шашпаңыз.

-- Осы материалдардың кез келгенін пайдалану сыртқы бетінің түсін кетіруі не оны бөлуі немесе қабатын ажыратуы, яки өнім таңбасын жоюы мүмкін.

Өнімді тазалау үшін, қуат сымын ажыратып, кейін таза, құрғақ, жұмсақ шүберекпен

(микроталшық, мақта) сүртіңіз.

-- Өнімде шаң қалдырмаңыз. Шаң оның бетін сыруы мүмкін.

KAZ - v