қауіпсіздік туралы ақпарат

беттерінен алыс ұстаңыз.

Тоқ өткізгіштігі сай келмейтін ұзартқыш сымдарды немесе розеткаларды қолданбаңыз.

Тоқтан ажыратқанда сымынан тартпаңыз. Сымынан тартпай, ашасын мықтап ұстап суырыңыз.

Батареяларды бұзбаңыз немесе тұтатпаңыз, себебі жоғары температурда жарылып кетуі мүмкін.

Зарядтағышты ашуға әрекеттенбеңіз. Жөндеу жұмыстарын тек уәкілетті қызмет көрсету орталығы ғана жүзеге асыруға тиіс.

Зарядтағышқа жоғары температураның, сыз не ылғалдың әсер етуіне еш жол бермеңіз.

РОБОТ ШАҢСОРҒЫШ

Шыны, шеге, бұранда, тиын және т.с.с. қатты немесе өткір заттарды сорғызбаңыз.

Сүзгісін орнына салмай қолданбаңыз. Құрылғыға қызмет көрсету барысында,

егер ол кенет қосылып кетсе, саусағыңызды немесе басқа заттарды ешқашан желдеткіш камераға салмаңыз.

Саңылауларға ешбір бөгде заттарды салмаңыз. Қандай да бір саңылауы бітеліп тұрған құрылғыны қолданбаңыз; саңылауларды шаң, қыл-қыбыр, шаш және ауа айналымын шектейтен кез келген заттан таза ұстаңыз.

Улы заттарды (хлорлы ағартқыш, аммиак, құрғақ тазалағыш т.с.с.) шаңсорғышпен тазаламаңыз.

Жанып немесе тұтанып жатқан, мысалы шылым, от алдырғыш немесе ыстық күл тәрізді заттарды шаңсорғышпен тазаламаңыз.

Бензин тәрізді жанғыш не тұтанғыш сұйықтарды сорғызуды әдетке айналдырмаңыз, немесе бұндай зат тұрған жерде шаңсорғышты қолданбаңыз.

Робот шаңсорғышты май негізінде жасалған бояу, бояу сұйылтқыш, құрттарды құртқыш құралдан шығатын бу не тозаң толған жабық бөлмеде, тұтанғыш шаң немесе басқа да жарылғыш не улы заттар бар ортада қолданбаңыз.

Шамадан тыс көп іске қосқанда не температура әсер еткенде, батарея ұяшығынан сұйық ағуы мүмкін. Аққан сұйық денеңізге тисе, дереу сумен жуыңыз. Егер сұйық көзіңізге тамса, таза сумен дереу, кем дегенде 10 минут шайыңыз. Дәрігерлік көмек алыңыз.

04_ қауіпсіздік туралы ақпарат

Page 84
Image 84
Samsung VR10DTBATBB/EV, VR10ATBATRD/EV, VR10BTBATBB/EV, VR10CTBATRD/EV manual Робот Шаңсорғыш, 04 қауіпсіздік туралы ақпарат