ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР

Қосымша функцияларды қолдану

Әр түрлі қосымша функцияларды қолданып робот шаңсорғышты барынша оңай және ыңғайлы түрде қолдана аласыз.

■■ Қосымша функцияларды қашықтан басқару пультінің көмегімен ғана теңшей аласыз.

Турбо режимі

 

Турбо түймешігін басқан сайын бейнебеттегі Турбо белгішесі

 

кезек-кезек жанып-сөнеді.

 

Турбо қосулы (Турбо режимі): Тазалағыш шөтке ең жоғары

 

жылдамдықпен айналады.

 

Турбо сөндірулі (Қалыпты режим): Тазалағыш шөтке

 

қалыпты жылдамдықпен айналады.

Шаң сезгіш режимі

Шаң сезгіш түймешігін басқан сайын бейнебеттегі Шаң сезгіш белгішесі кезек-кезек жанып-сөнеді.

Шаң сезгіш режимі қосулы: Автоматты тазалау режимінде шаңсорғыш белгілі бір жерге шаң жиналғанын сезсе, шаңсорғыш бұрылады да, сол жерді тазалау үшін бағытын өзгертеді, содан кейін сол жерді тазалап болып, алдыңғы бағытына қайта оралады. Spot (Іріктеп тазалау), Max (Ауқымды тазалау), Manual (Қолмен тазалау) режимінде шаңсорғыш белгілі бір жерге шаң жиналғанын сезгенде, бірнеше секунд бойы үрлеу жұмысы жалғасады.

Шаң сезгіш режимі өшірулі: Шаңсорғыш шаңның жиналғанын сезбейді де, таңдалған тазалау режимінде орнатылғандай, қозғалысын жалғастыра береді.

Дыбыстық әсерді таңдау

Дыбыстық әсерді таңдау үшін Дыбыс түймешігін басыңыз. ■■ Осы түймешікті басқан сайын Дыбыстық әсерлер →

Үнсіздік осы кезекпен таңдалады.

-- Дыбыстық әсерлер: Дыбыстық әсерлер ойнатылады:

-- Үнсіздік: Дыбыстық әсер немесе хабарландыру ойнатылмайды:

36_ шаңсорғышты іске қосу

Page 132
Image 132
Samsung VR10F71UCEC/EV Қосымша Функциялар, Қосымша функцияларды қолдану, Кезек-кезек жанып-сөнеді, Жылдамдықпен айналады