МАҢЫЗДЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Электрлі құрылғыны қолданған кезде, негізгі сақтық шараларын сақтау керек, соның ішінде:

РОБОТ ШАҢСОРҒЫШТЫ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА НҰСҚАУЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫН ОҚЫҢЫЗ.

Құрылғыны қолданбаған кезде және жөндеу жұмыстарын жүргізер алдында тоқтан ажырату керек.

ЕСКЕРТУ: өрт, тоққа түсу немесе жарақат алу қатерін азайту үшін:

ЖАЛПЫЛАМА НҰСҚАУ

• Тек нұсқаулық бойынша қолданыңыз.

• Қандай да бір нұқсан келген робот шаңсорғышты немесе зарядтағышты іске қоспаңыз.

• Егер шаңсорғыш дұрыс жұмыс істемей тұрса, құлап қалса, бұзылып қалса, далада қалса, не суға түсіп кетсе тұтынушыға қызмет көрсету орталығына апарыңыз.

• Зарядтағышты немесе робот шаңсорғышты дымқыл қолмен ұстамаңыз.

• Тек үйдің ішінде, құрғақ жерде ғана қолданыңыз.

• Құрылғыны қауіпсіздік ережелерімен танысқан жасы 8-ге толған балалар мен ересектер, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі немесе сезім немесе қабілеттері дамымаған, тәжірибесі жеткіліксіз тұлғалар, құрылғыны қауіпсіз қолдану, қатерлі жағдайлар туралы нұсқау алса немесе тиісті адамның қадағалауы бойынша пайдалана алады

• Балаларға құрылғымен ойнауға тыйым салынған. Балаларға ересектердің бақылауынсыз тазалауға және құрылғыны қолдануға тыйым салынған.

БАТАРЕЯ ЗАРЯДТАҒЫШ

• Полюстары бар ашаны, полюстары жоқ розеткаға немесе ұзартқышқа жалғау үшін өзгертпеңіз.

• Далада немесе дымқыл жерге қойып пайдаланбаңыз.

• Қолданбаған кезде және күтім көрсетер алдында зарядтағышты розеткадан ағытыңыз.

• Қайта зарядтау үшін тек өндірушіден келген жинақтағы зарядтағышты ғана қолданыңыз.

• Зақым келген қуат сымын немесе ашаны қолданбаңыз.

қауіпсіздік туралы ақпарат _03

Page 99
Image 99
Samsung VR10F71UCBC/EV, VR10F71UCEC/EV manual Жалпылама Нұсқау, Маңызды Сақтық Шаралары