қауіпсіздік туралы ақпарат
Жаңа Samsung кір жуғыш машинасын сатып алғаныңызбен құттықтаймыз. Бұл пайдаланушы нұсқаулығында құрылғыны орнату, іске қолдану, оған күтім көрсетуге қатысты маңызды ақпараттар қамтылған. Кір жуғыш машинаңыздың көп мүмкіндіктері мен функцияларын толық қолдану үшін, осы пайдаланушы нұсқаулығын уақыт бөліп оқып шығыңыз.
Қандай қауіпсіздік нұсқауларын білуіңіз керек
Жаңа құрылғыңыздың мүмкіндіктері мен функцияларын қауіпсіз әрі тиімді қолдану жолдарын білу үшін осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз да, келешекте қолданып жүру үшін құрылғыдан алыс емес жерге сақтап қойыңыз. Бұл құрылғыны тек осы нұсқаулықта көрсетілген мақсатта ғана қолданыңыз.
Осы нұсқаулықта көрсетілген ескертулер мен қауіпсіздік нұсқаулары, орын алуы мүмкін жағдайлардың барлығын қамтымаған. Кір жуғыш машинаны орнату, оған күтім көрсету және іске қосу барысында сақ болу, қарапайым сақтық шараларын сақтау сіздің міндетіңіз.
Себебі бұл пайдаланушы нұсқаулығында әр түрлі үлгілер қамтылған, сондықтан да сіздің кір жуғыш машинаңыздың техникалық параметрлері осы нұсқаулықта сипатталған үлгілердің параметрлерінен сәл өзгеше болуы және ескерту белгілерінің барлығы сізге бірдей қатысты болмауы мүмкін. Егер сұрағыңыз немесе өзіңізді толғандырып жүрген мәселе болса, жақын жердегі қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз немесе желідегі ақпаратты www.samsung.com торабынан алыңыз.
Маңызды қауіпсіздік белгілері және сақтық шаралары
Осы нұсқаулықтағы таңбалар мен белгілер нені білдіреді:
| Адам қатты жарақат алатын, өлім жағдайына және/не мүлікке |
ЕСКЕРТУ | зиян келтіретін қатерлі жағдайлар не қауіпті әрекеттер. |
| |
| Адам қатты жарақат алатын, және/не мүлікке зиян келтіретін |
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ | қатерлі жағдайлар не қауіпті әрекеттер. |
| Кір жуғыш машинаны қолданған кезде өрт, жарылыс, электр |
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ | қатерін азайту үшін немесе адам жарақат алуға жол бермеу үшін |
мына негізгі сақтық шараларын орындаңыз: |
Әрекет ЕТПЕҢІЗ.
БӨЛШЕКТЕМЕҢІЗ.
Қол ТИГІЗБЕҢІЗ.
Нұсқауларды нақты орындаңыз.
Ашаны розеткадан суырыңыз.
Электр қатері орын алмас үшін құрылғының жерге қосулы екеніне көз жеткізіңіз.
Қызмет көрсету орталығын көмекке шақырыңыз.
Ескерім