Құрғақ жуғыш затты ешқашан тура қолданбаңыз және құрғақ жуғыш зат тұрып қалған киімдерді жумаңыз, шаймаңыз не айналдырмаңыз.

-Себебі майдың оксидтенуіне байланысты кенет жарылыс шығуы немесе тұтануы мүмкін.

Су салқындататын/қыздыратын құрылғылардың ыстық суын қолданбаңыз.

-Кір жуғыш машинада ақау пайда болуы мүмкін.

Кір жуғыш машинада табиғи қол сабынды қолданбаңыз.

-Егер батталып, кір жуғыш машина ішінде жиналып қалса, құрылғыда ақау пайда болуы, не оның өңі кетуі, тот басуы не жағымсыз иіс шығуы мүмкін.

Төсек жайманы торға салып жумаңыз.

-Нәски, төс тартқыш тәрізді заттарды торға салып, басқа киімдерге қосып жуыңыз.

-Бұлай істемеген жағдайда, қалыптан тыс дірілдеу, адамның жарақаттануына себеп болуы мүмкін.

Қатып қалған жуғыш затты қолданбаңыз.

-Егер кір жуғыш машина ішіне тұрып қалса, су ағып кетуі мүмкін.

Желдеткіш саңылаулары табанында орналасқан кір жуғыш машиналардың, табанындағы желдеткіш саңылауларын, кілем не басқа заттар бөгеп тастамағанын тексеріңіз.

Жуылатын киімдердің барлығының қалталарының бос екеніне көз жеткізіңіз.

-Тиын, түйреуіш, тырнақ, бұранда немесе тас тәрізді қатты, өткір заттар құрылғыға аса қатты зиян келтіруі мүмкін.

Үлкен қапсырмасы, түймесі бар немесе ауыр темір зат тағылған киімдерді жумаңыз.

ЕСКЕРТУ ТАЗАЛАУҒА ҚАТЫСТЫ ҚАТАҢ ЕСКЕРТУЛЕР

Құрылғыға тура су шашып тазалауға болмайды.

Құрылғыны бензол, сұйылтқыш немесе спиртпен тазаламаңыз.

-Себебі, құрылғының түсі кетіп, деформацияланып, бүлініп немесе электр қатері орын алуы, өрт шығуы мүмкін.

Тазалау немесе жөндеу жұмыстарын орындар алдында, құрылғыны розеткадан ажыратыңыз.

-Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

WF0804Y8-02842Z-01_KZ.indd 11

қауіпсіздік туралы ақпарат _11

2010-10-14 �� 5:10:04

Page 99
Image 99
Samsung WF0804Y8E/YLP, WF0804Y8E1/YLP manual Ескерту Тазалауға Қатысты Қатаң Ескертулер