3 – ҚАДАМ

Аяқтарының биіктігін реттеу

Кір жуғыш машинаны орнатқан кезде электр қуатының айырына, суды жіберетін және ағызатын шлангтерге ыңғайлы қол жетімді болуына көз жеткізіңіз.

1.Кір жуғыш машинаны керек орынға жылжытыңыз.

2.Егер еден тегіс болмаса, аяқтарын

қажет бағытта бұрай отырып биіктігін реттеңіз.

3.Кір жуғыш машина түзу орнаған кезде, бекіткіш сомынды кілтпен тартып тастаңыз.

КІР01ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ОРНАТУ

4 – ҚАДАМ

Суды жіберетін және ағызатын шлангтерді қосу

Суды жіберетін шлангті қосу

1.Г-пішіндес қондырмасы бар суық су жіберетін шлангты алыңыз да машинаның артқы жағындағы суық суды кіргізетін тесікке қосыңыз.

Қосылған жерді қолмен тартып қойыңыз.

Су жіберетін шлангтің бір жағы кір жуғыш машинаға, ал екінші жағы суық су құбыры кранына жалғанып тұруы керек. Су жіберетін шланг тартылып тұрмауы керек. Егер шлангтың ұзындығы жеткіліксіз болса, жоғары қысымды ұзын шлангты қолданыңыз.

2. Су жіберетін шлангтың екінші жағын суық су құбырына жалғап, жалғанған жерін қолмен тартып қойыңыз.

Қажет болған жағдайда кір жуғыш машинадағы шлангтің орналасуын өзгертуге болады. Ол үшін жалғасып тұрған жерді босатып, шлангты түзеп, қайтадан тартып қойыңыз.

Ыстық суға қосу (кейбір түрлерінде)

1.Қызыл Г-пішіндес қондырмасы бар ыстық суды жіберетін шлангты алып, оны машинаның арт жағында орналасқан ыстық су кіретін тесікке жалғаңыз. Жалғанған жерін қолмен тартып қойыңыз.

2.Ыстық суды жіберетін шлангтың екінші жағын ыстық су ағатын су құбырына жалғап, жалғанған жерін қолмен тартып қойыңыз.

3.Егер тек суық суды ғана пайдаланатын болсаңыз, Ү-пішіндес қондырманы пайдаланыңыз.

Кір жуғыш машинаны орнату _17

WF3400N1-02896E-05_KK.indd 17

2014/8/25 11:54:13

Page 97
Image 97
Samsung WF3400N1V/YLP, WF3400N1C/YLP manual Аяқтарының биіктігін реттеу, Ыстық суға қосу кейбір түрлерінде