Samsung WF6MF1R2N2WDLP manual

Models: WF6MF1R2N2WDLP

1 126
Download 126 pages 18.72 Kb
Page 109
Image 109

Циклды ауыстырғышты пайдалана отырып кір жуу

Samsung компаниясы шығарған Fuzzy Control кір жууды автоматты басқару жүйесінің арқасында кір жуу оңай, әрі ұнамды іс болады. Кір жуу бағдарламасын таңдаған кезде машина дұрыс температураны, кір жуу уақыты мен жылдамдығын өзі белгілейді.

1.Су құбыры кранын ашыңыз.

2.Вкл. (Қуат) түймешігін басыңыз.

3.Есігін ашыңыз.

4.Заттарды барабанға бір-бірден, қатты толтырмай салыңыз.

5.Есігін жабыңыз.

6.Жуғыш затты, жұмсартқышты және алдын ала жуғыш затты (егер қажет болса) тиісті үлестіргіштерге салыңыз.

Алдын ала кір жуу режимі Хлопок (Мақта мата), Синтетика (Синтетика), Детские вещи (Балаға арналған) және Ежедневная (Күнделікті жуу) циклдары таңдалса ғана қосылады. Мұндай жуу заттар өте кір болса ғана қолданылады.

7.Мата түріне сәйкес қажет циклді таңдау үшін цикл ауыстырғышты пайдаланыңыз: Хлопок (Мақта мата), Синтетика (Синтетика), Ручная стирка шерсти (Жүнді қолмен жуу), Детские вещи (Балаға арналған), Ежедневная (Күнделікті жуу), Быстрая 15’ (Жылдам 15’). Басқару панелінде сәйкес индикаторлар жанып тұрады.

8.Енді сәйкес түймешелердің көмегімен кір жуу температурасын, шаю санын, сығудың айналым саны мен кейінге қалдыру уақытын таңдауға болады.

9.Старт/Пауза (Бастау/үзіліс) қою түймешесін басыңыз, кір жуу басталады. Кір жуу индикаторы жанып, дисплейде кір жуу циклінің қалған уақыты көрсетіледі.

Тоқтатып қою қызметі

Кір жуу басталғаннан кейін 5 минут ішінде кірді қосуға немесе азайтуға болады.

1.Есіктің бекітпесін ашу үшін Старт/Пауза (Бастау/үзіліс) түймешігін басыңыз.

Егер су өте ЫСТЫҚ немесе су деңгейі өте ЖОҒАРЫ болса, есікті ашуға болмайды.

2.Есікті жапқаннан кейін, кір жууды бастау үшін Старт/Пауза (Бастау/үзіліс) түймешігін басыңыз.

Кір жуу циклі аяқталды.

Кір жуу циклі толығымен аяқталғаннан кейін кір жуғыш машина қуаты автоматты түрде өшеді.

1.Есігін ашыңыз.

2.Кірді шығарыңыз.

02 КІР ЖУУ

Кір жуу _25

Page 109
Image 109
Samsung WF6MF1R2N2WDLP manual