Кір жуу

Балалардан қорғайтын құлып

Бала қауіпсіздігінің құралы, таңдаған жуу цикліңіз өзгеріп кетпес үшін түймешіктерді құлыптап қоюға мүмкіндік береді.

Қосу/Ажырату

Егер «Замок от детей (Балалардан қорғайтын құлып)» қызметін қосу немесе сөндіру қажет болса, Отжим(Сығу) және Опция(Опция) батырмаларын бір мезгілде 3 секундқа басыңыз. Қызмет қосылған кезде балалардан қорғайтын құлып индикаторы жанады.

Бала қауіпсіздігінің құралы функциясы қосылған кезде тек Вкл. (Қуат) түймешігі жұмыс істейді. Бала қауіпсіздігінің құралы функциясы тіптен электртоғы өшіп қалып, қуат қайта қосылса немесе ажыраса, немесе қуат сымын ажыратып. қайта қосқаннан кейін де белсенді қалыпта тұра береді.

3 сек.

Отсрочка (Кешіктіріп аяқтау)

Кір жуғыш машина кір жууды автоматты түрде кейінірек аяқтау үшін, 3 сағат пен 19 сағат аралығындағы (арасы 1 сағаттан) уақытты таңдап, кір жуғыш машинаны бағдарламалап қоюға болады. Көрсетілетін уақыт – кір жуудың аяқталу уақыты.

1.Жуылатын кірдің матасына қарай кір жуғыш машинаға қолмен немесе автоматты түрде бағдарлама орнатыңыз.

2.Қажетті уақыт орнағанға дейін Кейін бастау түймешесін бірнеше рет басыңыз.

3.Старт/Пауза (Бастау/үзіліс) түймешігін басыңыз. “Отсрочка (Кешіктіріп аяқтау)

индикаторы жанады да, сағат орнатылған уақытқа жету үшін кері санақты бастайды.

4.Кешіктіру параметрін біржола тоқтату үшін, Вкл. (Қуат) түймешігін қайта басыңыз да, содан кейін кір жуғыш машинаны қайта қосыңыз.

24_ Кір жуу