Кір жуғыш машинаны күтіп ұстау
Мұздап қалған кір жуғыш машинаны жөндеу
Егер температура нөлден төмендеп кетіп, кір жуғыш машинаңыз қатып қалса:
1.Кір жуғыш машинаны тоқтан ажыратыңыз.
2.Су құятын түтік(тер)ді босату үшін, су шүмегінің үстінен жылы су құйыңыз.
3.Кір жуғыш машинаға су құюды тоқтатыңыз.
4.Су құятын түтікті ағытып, жылы суға салып жібітіп қойыңыз.
5.Кір жуғыш машина барабанына жылы су құйып, 10 минут қоя тұрыңыз.
6.Су құятын түтікті кір жуғыш машинаға және су шүмегіне қайта жалғап, су құю мен су төгу жүйелерінің дұрыс жұмыс жасап тұрғанына көз жеткізіңіз.
Кір жуғыш машинаны сақтау
Кір жуғыш машинаны ұзақ уақыт сақтап қойғыңыз келсе, суын төгіп, алып қойған дұрыс. Кір жуғыш машинаны сақтар алдында, түтіктердегі және ішкі құралас бөліктеріндегі суды төкпесе, машинаға нұқсан келуі мүмкін. Кір жуғыш машинаны сақтауға келесі жолмен дайындаңыз:
1.Хлопок (Мақта мата) циклын таңдап, 15’ Быстрая стирка (15' Жылдам жуу) түймесін басып, кір жуғыш машинаны осы циклға қойып кір салмай қосыңыз.
2.Кір жуғыш машинаны тоқтан ажыратыңыз.
3.Кір жуғыш машинаға су құюды тоқтатыңыз.
4.Су құятын түтіктерінің барлығын алып, кір жуғыш машинаны қайта пайдаланатын кезде қолдану үшін оңай алуға болатын, сенімді жерге сақтаңыз.
5.Кір жуғыш машинаның есігін барабан ішіне ауа кіріп айналып тұру үшін ашып қойыңыз.
Егер кір жуғыш машина температурасы нөлден төмен жерде сақталса, қайта іске қосар алдында машинада қалып қоюы мүмкін су ерігенше біраз күтіңіз.
Сонымен қатар, төтенше жағдайда су төгетін түтікті пайдаланып, кір жуғыш машинаның суын төгіп, қалған суды тазалаңыз.
Казақ - 35
05 КҮТІМ КӨРСЕТУ
6/23/2016 2:23:55 PM