ОРНАТУ
SOUNDBAR ҚҰРЫЛҒЫСЫН ОРНАТУ
ҚАБЫРҒА БЕКІТКІШІН ОРНАТУ
++Орнатудың сақтық шаралары
●● Тек тік қабырғаға орнатыңыз.
●● Температурасы немесе ылғалдылығы жоғары жерге, не болмаса құрылғы салмағын көтере алмайтын қабырғаға орнатпаңыз.
●● Қабырғаның беріктігін тексеріңіз. Егер қабырғаның беріктігі құрылғыны ұстап тұруға жеткілікті болмаса, қабырғаны қатайтыңыз немесе құрылғының салмағын ұстап тұра алатын басқа қабырғаға орнатыңыз.
●● Қабырғаңыздың түріне (гипсокартон, темір тақта, ағаш, т.б.) жарайтын бекіту бұрандаларын немесе анкер болттарын сатып алып, пайдаланыңыз. Мүмкін болса, бұрандаларды қабырға шегелеріне бекітіңіз.
●● Қабырғаға бекіту бұрандаларын Soundbar құрылғысы бекітілетін қабырғаның түрі мен қалыңдығына сай сатып алыңыз.
●● Құрылғыны қабырғаға орнатпастан бұрын, оның кабельдерін сыртқы құрылғыларға қосыңыз.
●● Құрылғыны орнатпастан бұрын оның өшіп тұрғанын және желіден ажыратылғанын тексеріңіз. Әйтпесе, электр тогы соғуы мүмкін.
5 см не одан көп
1.Wall Mount Guide (Қабырға бекіткішінің бағыттағышы) қосалқы бөлшегін қабырға бетіне қарсы орналастырыңыз.
•Wall Mount Guide (Қабырға бекіткішінің бағыттағышы) қосалқы бөлшегі тегіс болуы керек.
•Егер теледидар қабырғаға бекітілсе, Soundbar құрылғысын теледидардан кемінде 5 см төмен орнатыңыз.
12